Гүлмінездің гүлдері - страница 9



– Мама, мама, шай пісіп, шәйнек жөтеліп жатыр, – деді.

ОЙНАП ЖҮРІП

Гүлмінез жерге сүрініп құлаған еді, анасы:

– Абайла! – деді үрейленіп. Сонда Гүлмінез:

– Мен құлап болдым ғой. Абайла, – демей-ақ қойсайшы, – деді орнынан тұрып.

КІМ БОЯП БЕРГЕН?

Шолпан, Ұлжан әпкелері Гүлмінезге:

– Қолыңды кім бояп берген? – деп еді, Гүлмінез:

– Айгүл ғой, ертең бояп берген, – деді.

ЖАҢА ЖЫЛ ҚАРСАҢЫНДА

Жаңа жыл қарсаңында Гүлмінез:

Аяз ата келді,

Бізге сыйлық, берді, – деп, бақшадан жаттаған тақпағын айтты. Біз үш жасар қыздың тілін қызық көріп:

– Аяз ата қайдан келеді? – деп сұрағанбыз.

– Алатаудан келеді, – деді ол.

– Ал сыйлықты қайдан алады?

– Жұмыс істеп, ақшаға сатып алады, – деді сонда ол.

МАҢДАЙШАДАҒЫ ЖАЛАУ

Гүлмінезді бақшасына жетектеп алып келе жатыр едім, ол:

– Папа, ананы қарашы, Қазақстанның жалауы, – деді маңдай-шадағы желбіреген көк туды көрсетіп.

ДОКТОР БОЛСАМ…

Айжан атты көрші келіншектің анасына укол салғанын көрген Гүлмінез:

– Мама, мен дәу болғанда доктор болып, Айжан тәтеге укол сала-мын, – деді аянышын сездіріп.

АШЫЛҒАН КӨРПЕ

Көрпесінің бір шеті ашылып қалғанын байқаған Гүлмінез:

– Ой, аяғым жамылмай қалды ғой, – дегені.

ЭЛЕКТР ПЕШТІҢ ЖАРҚЫЛЫ

Тоққа қосулы тұрған электр пештің қызған сым темірі «шытыр-шы-тыр» етіп жарқылдап кетіп еді, соны байқап қалған Гүлмінез:

– Анау пешті қарашы, ұрысып жатыр, – дегені.

САҒАТ ӘЙНЕГІ

Қытай сағатын жерге түсіріп алып, әйнегі шығып кетіп еді, Гүл-мінез оны дереу ұясына салып:

– Сағаттың көзілдірігін кигізіп қойдым, мама, – деді айыбын түзеген сыңай танытып.

«МҰРНЫ ҰЗЫН МАШИНА»

Көше қиылысынан бұрыла берген автокранды көрсетіп:

– Апа, машинаның ұзын мұрнын қарашы, басқа машинаны соғып кетеді ғой, – деді үрейленіп.

ТІСІ ЖОҚ

Үш жарым жасар Гүлмінез көрші бөлмеден жүгіріп келгенде, анасы әлдиін емізіп отырған. Ол әлдиге еңкейіп:

– Әне, әпкеңді көрдің бе? – деген. – «Әпке келді» деп айтшы.

Сонда Гүлмінез:

– Ол сөйлей алмайды, аузында тісі жоқ, – деді.

АРАША СҰРАҒАНДА

Гүлмінез әлдиін бетінен сүйгелі еңкейіп еді, әлдиі шашынан ұстай алды. Сонда Гүлмінез:

– Мама, мынаны қарашы, шашымды жыртпақшы, – деп араша сұрады.

БАҚША ІШІНДЕ

Бақша ішінде ойнап жүрген Гүлмінез көк құрақтың үстіне отыра беріп, қайта шоршып тұрды:

– Ой, шөптер «кіш» етіп қойыпты, – деді құраққа қонған шық там-шыларын көрсетіп.

СУРЕТТІ ҚАЙДА ТҮСТІҢДЕР?

Суреттердің біреуінен әке-шешесінің үйлену тойы дастарқаны үс-тінде бірге отырғанын көріп:

– Мама, бұл суретті қайда түстіңдер? – деді.

– Үйлену тойымызда.

– Мені неге шақырмадыңдар? – деді сонда Гүлмінез.

ЖЕКЕМЕНШІК ТАРАҚАН

Дәлізде еден жиегінде жорғалап бара жатқан тарақанды көріп қа-лып:

– Ой, папа, біздің тарақанды қарашы, – деді қуанып.

Тұмауратқанда

Таңертең ұйқысынан тұрған Гүлмінез:

– Мама, мұрным естімей қалды, – деді, мұрны бітіп, тыныс алуы қиындап кеткенін сездіріп.

МЕКТЕПКЕ БАРСАМ

Если вам понравилась книга, поддержите автора, купив полную версию по ссылке ниже.

Продолжить чтение