Ислам модернизациясы. 1 Бөлім - страница 11



) өз ғылымы мен калам арасындағы негізгі айырмашылықты пайымдау əдістерінен көрді: фалсафа аподиктикалық пайымдауды, ал калам диалектикалық пайымдауды (терминнің аристотельдік мағынасында) пайдаланады. Полемика жүргізген кезде мутакаллималар көбінесе оппонент қабылдаған тезистерден қалаусыз немесе қисынсыз қорытындыларға (илзам) жүгінетін. Қалам бастапқыда əртүрлі діни жəне саяси топтармен (харижиттер, кадариттер, жабариттер, муржииттер) пікірталастар, сондай-ақ басқа дін өкілдерімен (зороастризм, христиандық) талас-тартыс кезінде пайда болды жəне дамыды. Бұл дауларда Құранның символдық-аллегориялық интерпретациясына (та'уил) негізделген жəне кейбір тезистерді дəлелдеу кезінде діни билікке сілтемелерді (тақлид) алып тастайтын, каламға тəн пайымдау əдісі əзірленді [35]. Каламның (кəлəм өзегі) негізгі проблемалары: мұсылман басшысына (халифа, имам) қажетті қасиеттер; адамның өз іс-əрекеті үшін жауапкершілігі (өз еркі ме, əлде тағдыр ма?), адамның қарапайым мұсылман (муслим), шынайы мүмін (му'мин), кəпір жəне үлкен күнə жасаған адам (сахиб əл-кəбира); Алланың бірлігі (таухид) жəне оның болмысы мен сипаттарының арақатынасы; Құранның уақытында жаратылуы немесе жаратылмауы. Каламның (дакик əл-қалам, латиф əл-қалам) «нəзіктері» табиғи философиялық сипаттағы тақырыптарды (қозғалыс пен тыныштық, субстанция мен акциденция, атомдар мен бостық) қамтыды.

Ақырзаман

Ақырзаманның негізгі жəне кіші белгілері туралы көптеген хадистер бар жəне 14 ғасыр ішінде дүниеде болып жатқан оқиғалар олардың сенімділігін растайды. Бұл кітапта мен мұсылмандардың қазіргі үмметі үшін ең өзектісін ғана ұсынамын.

1)      Пайыздан жемеген (яғни, өсімқорлықпен айналыспаған) халық пен банк қалмады. Бірыңғай кредитпен қоректенбесе де, оның шаңына тұншыққан талай адамды көрдік, естідік. Ең бірінші проблема адам үшін финанстық жағдай

Негізінде несиелер мен қарыздар психикаға өте теріс əсер етеді, бірақ тек қазаққа емес. Ипотека 20-30 жылға дейін, автокредит 10-20 жылға дейін, жиһаз 3-5 жылға дейін бөліп төлеу. Бөліп төлеу деген не – қаржылық ауыртпалық, оны қанша сезінбейі жүре берсек те, ипотека мен кредитті банк сізге тегін беріп жатқан жоқ, біз соны əлі күнге дейін түсінбейміз. Рассрочка да тегін емес, товардың бағасын көтеріп қояды, бəрібір сол пайызды қайтарып бересіз. Доставка тегін – бұл маркетингтік қадамдардың бірі. Адамның психологиясымен ойнау өте оңай.

Қарыз алушының өтеуге ақшасы бар болса, 1-2 шағын несие əдетте психологиялық жағдайға əсер етпейді, нағыз өз-өзіне сенімді адамдар. Мен ұзақ мерзімді борыштық міндеттемелері бар қарыз алушыларға таңғаламын, сен менің жазғанымнан бір нəрсе түсіндіңіз бе? Сізге бір адам тап болған қиын жағдай туралы айтып берейін, ол жұмысынан айырылып қалды, ал оның қалған қарызын кім төлейді? Бұндай адам ең бірінші қорқыныш сезімін бастан кешіреді, жаңа жұмыс іздеудің орнына, төлемге қабілетсіздігін мойындамайды.

Несиені қайтара алмай қалған кезде басқа жұрт ашуланып, депрессиялық күйге түседі, бірақ тек қазақтар емес, себебі үкімет өзі берді, өзі жапсын. Қарыз алушыларға тұрақты күйде немесе, ол сондай-ақ, ұзартылған күйзеліс күйі қауіп төндіреді.

Басқа жұрт үнемі қысымды сезінеді, əсіресе несиені өтеу тек өзіне ғана байланысты болса. Ал қазақ еркіндік сезінеді, əсіресе қағазды қолға алған кезде.

Басқа жұрттар қарызын төлей алмаса – басқалармен қарым-қатынасы нашарлайды, бізде керісінше күшейеді. Адам тұйық болады жəне басқа адамдармен араласудан аулақ болады. Ал қазақ ешқашан сондай ақкөңіл болмаған, дəл сол кезде шын ақкөңіл болады, басқа адамдармен араласуы он есеге көбейеді. Борышкердің достарымен кездесуге мүмкіндігі жоқ, өйткені ол ақшасын үнемдеп жұмсауға мəжбүр болады, қазақ ысырапшылдығын жалғастыра береді. Сондықтан қарызы бар адамдар жиі барлық байланыстарды тоқтатады, қазақ болса байланыстарды күшейтеді.