Көттi қысқан бай болар - страница 11
Университетте оқу кезіндегі сіздің жасыңыз (18—22) білім беру үшін, жаңа дағдыларды, жаңа бағыттарды игеру үшін өте тиімді. Көңіл көтерудің ең жақсы уақыты емес. Мен мұндай суретті байқаймын және шетелдегі өзімнің студенттік тәжірибеме сүйенемін: Қазақстандағы және ТМД-ның басқа да елдерінің студенттері оқуды емес, баға қоюды, түсінбейтін нәрселер туралы шығарма жазуды, қалай қолдануды білмейтінін және көп ішкенді жөн көреді. Енді сұраққа жауап беруге тырысыңыз: қандай жағдайда мұндай оқыту сіз үшін немесе сіздің балаңыз үшін актив бола алады?
Егер тек университетте ғана алған білім арқылы ядролық-физик, ұшқыш, тағы басқа күрделі техникалық мамандарды игерсеңіз, онда ол біліміңіз ақталады. Жоғары біліммен осындай қулық бар: ол мәртебелі болуы керек (таныс-тамыр мен байланыстар болады), немесе қолданбалы (келешекте жұмыс істеп ақша таба алатын), немесе ешқандай (ескірген және пайдасыз дипломға уақыт жұмсамау үшін).
2.4 Жылжымайтын мүлік
Белгілі бір жағдайларда жылжымайтын мүлік те пассив болуы мүмкін. Ол көп қаражат қажет ететін немесе өтімі жоқ жылжымайтын мүліктер: зәулім жекеменшік үйлер, қарауына сомақты қаражат кететін Рублевкадағы үйлер. Бұл активті сата алмайсың, сатсаң да өз құнын ақтамайды. Сізді нарықтағы жағдай кепілге алады, пайдасыз мүлік боп қалады. Сондықтан жылжымайтын мүлік сатып алу қаражатыңызды құюдың жақсы нұсқасы деп атауға болмайды. Ипотеканы алайық. Бұл жағдайда көбіңізге ақша жинау ойыңызға да кірмес. Мүмкін сіздердің біреуіңіз нашар ауданда пәтер иелену жағдайына тап болған шығарсыз. Оны жалға да бере алмайсың. Постсоветтік елдерімізде «Пәтер сатып алып, оны жалға беріп күн көреміз» деушілерді жиі кездестіреміз. Қаражатты орналастырудың мұндай нұсқасында жақсы жақтары да бар, бірақ егер біз Қазақстанда немесе Ресейде жылжымайтын мүлікті сатып алсақ, біз іс жүзінде долларға аударылатын ақшаны инвестициялаймыз. Сіз үнемі құнсызданатын жергілікті әлсіз валютада пайда табатын активті сатып аласыз.
Тартымды ұсыныстар да кездесіп тұратыны бар, алайда. Жақында мен Семей қаласына бардым – менің досым ол жерде 36 мың шаршы метр обьектті 2 миллион долларға сатып алды, дегенмен, сіз Алматыда бұл ақшаға 5 мың м² сатып ала алмайсыз, Мәскеуде тіпті 1500 м². Мұндай нысанды салу үшін сізге шамамен 10 миллион жұмсауға тура келеді, бірақ мұндай да келісімдер болады
2.5 Сыйлықтар
Сыйлық деген керемет қой! Дегенмен көбіміз үшін қынжылтатын нәрсе. Өз мәдениетімізге келсек, бізде сыйлықты бәріміз және көп жасаймыз. Бір күлкілі бейне ролик бар: екі ер адам өзара кімнің сыйлығы асып түседі екен деп жарысқан екен. Сөйтсе, жеңген адамның жас жұбайларға сыйлаған автомобилі мен пәтері несиеге алыныпты. Бұл бейне ролик біздің қазақтардың және көптеген кеңес одағының адамдарының, қалтасына қарамай өзін көрсеткісі келіп тұратын дарақы менталитетін мазақ етеді. Сыйлық беру – ақылға қонбайтын қимылдың бір түрі.
Менің бір тәтем бар. Ол кісіні отбасымыз аса көп жақтырмайды. Тәтем қонаққа ешкімді шақырмайды, ешкімге сыйлық жасап жатпайды, тіпті машинасы да жоқ.
Көбінесе анасымен тұрып жатады. Отбасымыз тәтемді «Ол дұрыс өмір сұріп жатқан жоқ» деп сыйламайды. Бірде сол тәтем екеуіміз инвестиция мен жинақтау туралы әңгіме құрдық. Мені аса таңғалдырғаны: ол жалақысының тең жартысын жинақтайды екен. Жалақысының өзі Америкадағыдай емес, әрине, 1000$ көлемінде, ал Қазақстанда бұл жақсы жалақы боп саналады. Сол жалақысының жартысын болашақтағы зейнетіне инвестициялап жатыр екен. Тәтем мені таңқалдырды, ісіне сүйсіндім. Бұл тамаша ғой!