Көттi қысқан бай болар - страница 3
Көлігіңіз 2 млн теңге (27$ мың 2020 жылдың тамыз айында) тұрады делік. Сізге ақша өте қажет боп тұр делік, бірақ той, немесе басқа несиені жабуға емес. Автоломбард сізге бірінші аптада несиені төлемейсіз, ал сол аптаның ішінде қарызды толық қайтарсаңыз, несие пайыссыз болады дейді. Сіз авто құнындағы 2 млн теңге емес тек 500 мың теңге алдыңыз делік. Ары қарай не болмақ? Автоломбард несие пайызы өте жоғары болады. Төлемді кешіктірсеңіз, банк автомобиліңізді алып қояды. Ол қалай болмақ: алған ақша қалтада, бір апта өтеді, санауыш қосылады, пайыз қосылады, сіздің несиеңіз өсе береді, көлігіңіз қамалады, айыппұл тұрағына жабылады. Тағы бір апта өтеді, несие пайызы да өседі, сөйтіп қарызға белшеден басып, соны жабу үшін басқа жерден несие алуға тура келеді.
Сонда сізге N-сомадағы ақша қажет болғанда, актив ретінде ақша түратын тек көлігіңіз қолданды. 2 млн тұратын автоны кепілдікке беріп, небәрі 500 мың теңге алдыңыз. Сіздің тәуекеліңіз 125% құраса, банктікі керісінше. 25% алып 100% жоғалта аласыз. Бұл математика сізге жаман көрінгенмен, ломбард үшін бәрі керемет. Банк несиесі де тура сондай. Олар несиені кепілдікке жылжымайтын мүлікті қойғанда ғана береді. 100 мың$ тұратын пәтер немесе үйіңізге тек 50 мың$ бере алады. Сол 50 мың$-ға бизнеспен айналысасыз, оның да тәуекелі бар. Сонымен, сіздің тәуекелдеріңіз ықтимал табысыңыздан асады. Несие алған адамдардың жағдайы осындай болады.
1.3.Өзін-өзі жұмыспен қамтушылар
Енді тұлға түріне оралайық. Өзін-өзі жұмыспен қамтушыларды алайық. Шағын бизнес дегеніміз- өзін-өзі жұмыспен қамту дегеніміз. Оны жалақысы жоғары табысты топ-менеджерлер немесе қызмет көрсету саласындағы өзін-өзі жұмыспен қамти алатындар құрайды. Өзін-өзі жұмыспен қамту-уақыты мен зияткерлік ресурстарын ақшаға айырбастады дегенді білдіреді. Бизнесте ақшаны адам емес жүйе табады. Енді кәсіпкерге тоқтала кетейік. Ол қандай адам? Мен білетін кәсіпкерлердің көпшілігі оқу орындарын оқымаған білімі жоқ немесе дипломды сатып алғандар, себебі білім алу бизнеске көп жағдайда кедергі келтіреді. Мен формалды, өз елімдегі университеттерді айтамын. Озат оқығандардың 3-ке оқығандарға жұмыс жасап жүргенін талай естіген боларсыз. Радислав Гандапас 3-ке оқығандар келісімге келе алатын, ережелерді айналып өтетін, алдауға жақындығы бар адамдар деп айтады. Осы қасиеттер кәсіпкерлікке өте пайдалы. Сондай-ақ өзін-өзі ұстау, жауапкершілік, қаталдық қасиеттері де бойларынан табылады. Жауапты адам жауапсыз кәсіпкерден әлдене құнды серіктес.
1.4 Жалақы
Бизнестен басқа менде жалақым бар. Университтерде сабақ беретінімді білесіздер. Бос уақытымның барлығынан, өзім де білім алып, оқып, ары қарай дамытқым келеді. Маған олар жеңілдік те жасап берді. Almaty Management University DBA бағдарламасын оқып жатырмын. Сол жердегі бакалавриаттарға өзімді сабақ беруші ретінде ұсындым. Аптасына бір-екі рет барып, едәуір жалақы аламын. Кітапты оқып жатқандардың көбісі мансапты қуатын болар.
Неге дейсіз ғой? Кәсіпкерлер саны жұмыс жасап жүргендердің санынан аз.
Тәуекелдері мен артықшылығына келсек, бизнес жүргізу қауіп-қатері бар іс. Ал мансаптың қауіп- қатері аса жоғары емес. Бұл еліміздегі халықтың 99 пайызының мансаптың арқасында, жалақыдан жалақыға дейін күн көріп отыр деген көрсеткіш. Бірақ сол карьера, мансап, бізге байланысты емес жағдайлар туындағанда, мысалы, жаһандық пандемия проблемасы сияқ ты, жоғалтып алуы да мүмкін.