Труды VII Республиканской научно-практической online-конференции «Образование XXI века: проблемы, тенденции и перспективы» - страница 4



Адам іс-әрекетінің алғашқы тарихи түрі – еңбек болып табылады. Адамның басты ерекшеліктерінің бірі – адамның еңбекке қабілеттілігі, ал кез келген еңбек түрі іс-әрекет болып табылады. Іс-әрекет – адамның қоршаған ортаға деген белсенді қатынасының бір формасы немесе қоршаған орта мен субьектінің өзара қатынасының динамикалық жүйесі. Адамның іс-әрекеті – күрделі құбылыс [1]. Белгілі бір өнім адам іс-әрекетінің нәтижесі болып табылады. Адам, еңбектің қай түрімен айналысса да, өмірге ең алдымен қайраткер, іскер және жасампаз болып келеді. Оның арнайы әрекеті еңбекте, еңбек іс-әрекетінің актісі түрінде қалыптасады. Белгілі бір қоғамдық функцияларды атқаратын әрекеттерінің жиынтығы еңбек әрекетінің белгілі бір түрін құрайды.

Еңбек дегеніміз – адамдардың материалдық және рухани қажетін қанағаттандыратын қоғамдық пайдалы өнім өндіруге бағытталған іс-әрекет. Еңбек өнімдерін жасауға қатынасу арқылы адам өмір сүріп отырған өндірістік қатынастар жүйесіне араласады. Бұл екі фактор еңбек әрекетіне көзқарас пен еңбек мотивін қалыптастырады. Адамды еңбекте жоғары көрсеткіштерге жетуге жетелейтін себептер өмір сүріп отырған өндірістік қатынастарға тікелей байланысты. Адамдардың екбекке құлшынуы тек қана жеке мүддеден тумайды, сонымен қатар қоғам мүддесін ойлаудан тұрады. Сонымен қатар адамның екке деген ынтасы оның жаңа еңбекке араласуындағы бейімделуі. «Кәсіби адаптация», – бұл жұмысқа жаңа түскен адамның өз ортасына біртіндеп төселіп, бейімделуі. Төселудің алғашқы кезеңі өндірістік практика кезінде, негізгі жағы нақты жұмыс үстінде жүзеге асады [2].

Мамандық таңдауда Ж. Аймауытов қазақ жастарына мамандықтың жаманы жоқ, бірақ, мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жәй күнелту, тамақ, асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін процесс екендігін ерекше сипаттаған.

Американ зерттеушісі Ф. Парсонс мамандықты дұрыс таңдау үшін ең алдымен өзі және өзінің қабілеті туралы толық білу керек екендігіне ерекше мән берген.

Тұлға және мамандық таңдау қатынасы туралы В.Д.Шадриков, Т.В.Кудрявцев, К.А.Абульханова-Славская, Ю.П.Поваренков, Б.Г.Ананьев Е. А.Климов еңбектернде жалпы еңбек іс-әрекеті, оның тұлға дамуына, жеке қасиеттеріне тизінетін ықпалы қарастырылған.

З. Фрейд бойынша, еңбек адам өмірін құрайды және мәнді етеді. Еңбек іс-әрекетінде адам өзі үшін қолайлы қызмет атқарады, себебі ол ақиқат өмірге бейімделуге және үйренуге мүмкіндік жасайды. Сөйтіп адам есеюге ұмтылыс жасайды. Оның ойынша, адамдар көп уақытын еңбек іс-әрекетіне жұмсаса, адам бойындағы қуат жасырын түрде қалып, махаббат пен жеке белсенділікке аз қуат қалады.

Әр маман өзінің жұмысында кәсіби бейімділігімен байланысын еске түсіруге болады. Жаңа оқу бітіріп келген жас маман орташа есеппен жаңа жұмыс орынына 6 айдан 3 жылға дейін үйренеді. Сол уақытта жас маманның кәсіби бейімделуі процесін жандандыруға және жеңілдетуге қалай болады? Ең алдымен өзін жақсы басқара алатын адам ғана жақсы маман болады.

Кез келген менеджер үшін жұмыскерлердің еңбек нәтижесі және қанағаттануы оның қабілетімен ғана емес, сонымен қатар жеке тұлғалық мінездемесіне де байланысты деген пікірмен кейбір психологтар келіспеуі де мүмкін. Шынында да, көбі таңдалғаннан маманның жеке тұлғасы туралы «Сен – бұл сенің жасаған нәрселерің» деп айта алады.

Жұмысқа шықпаған күндерінің саны, өнімділік, еңбекке құлшыну, өтірік айту, тб. өлшемдер тек ұйымдастыратын факторлар (жекелік стилі және корпоративті мәдениет) қызметтері ретінде қарастырылып қана қоймай, сонымен қатар жұмыскерлердің мінездемелеріне тәуелді келеді. Жеке тұлғалық мінездемелер мен мамандық таңдау, еңбек мотивациясы, өнімділік, жұмыспен қанағаттанушылық, жұмысқа байланысты стресс, сонымен бірге жұмысқа келмеген күндер, өндірістен жарақат алушылық, т.б. әдебиеттер жеткілікті болса да оның көмегі әркелкі. Соңғы уақытта мамандық өзгерту, жаңа еңбек әрекетіне бейімделудегі қиындықтар, жұмыстағы деңгейі, оқыту нәтижесі сияқты жеке тұлғалық қасиеттермен және факторлармен байланысты екені кездеседі.