Бақытты болуды үйреніңіз! 2 Бөлім - страница 13



ЭГО (НӘПСІНІҢ) ДАУЫСЫН ҚАЛАЙ АҚЫРЫН БƏСЕҢДЕТУГЕ БОЛАДЫ?

Өзіңіз туралы жалған ойларды, сенім мен түсінікті жою үшін, сіз өзіңізді сөзсіз, ешқандай шартсыз жақсы көруіңіз керек. Өзіне деген сүйіспеншілік өзімшілдікке ұқсас емес, керісінше, ол эго-ның алдамшы дауысын өшіреді. Біздің болмыс бейсанамен анықталатынын, яғни біздің наным-сенімдеріміз іс жүзінде жүзеге асырылатындығын түсінуіміз керек.

1) Біз өмірімізде ақпараттарды саналы түрде ақылмен қабылдаймыз.

2) Біз оны Бейсанаға шындық деп жазамыз.

3) Өмір бақи сол қалыптасқан шындыққа сеніп өмір сүреміз.

Бұл өте маңызды, қайталауға тұрарлық ақиқат. Біз үшін не шындық болса, біз соған ғана сенімдіміз. Өзіме: «Мен оған ие бола алмаймын, мен оған лайық емеспін, мен жаман адаммын» жəне т.б. сенімге сəйкес келетін жағдайларды өз қолымызбен жасай береміз. Қорытынды келесідей: біз өзімізді, құндылығымыз бен қадір-қасиетімізді қабылдағанға дейін, біз басқа адамдардың құнды жəне лайықты екенін мойындай алмаймыз. Біз бірінші ішімізді түзету арқылы өзімізді мойындату керекпіз. Бұл проблеманы шешу үшін, сіз өзіңізді жəне басқаларды сөзсіз сүюді үйренуіңіз керек. Бұл шынайы бостандыққа жетудің жалғыз жолы. Біз барлық адамдар рухани кемелді екенін біле отырып, алдымен өзімізді, содан кейін бəрін толығымен қабылдауымыз керек.

СІЗ ӨЗІҢІЗДІ ӨЗІҢІЗ ЖАСАДЫҢЫЗ

Сіз өзіңізді өзіңіз жасағаныңызды түсінесіз бе? Сіз өмір туралы барлық мінез-құлық, қарым-қатынас стилі (өзінше слэнг қолданып) жүріс-тұрыс, бет-əлпет, ым-ишара, тіпті ойлау тəсілі мен байланған идеялар, стереотип, тренд, мода, хайп – негізінен сіз осының бəрін еліктеу арқылы біреуден жұқтырдыңыз не қиялдау арқылы өзіңіз ойлап таптыңыз. Рөл (идеал) үлгіснде ата-аналар немесе отбасының басқа мүшелері, сүйікті мұғалім, дос, кітаптан немесе фильмнен шыққан кейіпкер болуы мүмкін. Сіз тіпті ұнатпаған адамнан да мінез-құлық үлгілерін, белгілерін қабылдай ала аласыз. Мүмкін, сіз оларға бейсаналы түрде, еріксіз еліктеген боларсыз. Бос еліктеушілікке алданбаңыз. Саналы ерікті түрде еліктейтін игі жақсыларды табыңыз, оларды тыңдаңыз, ең бастысы оқыңыз.

ӨЗІҢІЗДІ ҚАБЫЛДАҢЫЗ

Өзіңіз жасаған адамға, өзіңізге мұқият қараңыз. Мүмкін, əлі күнге дейін сіз өзіңізге ұнаймайтын шығарсыз, əлі өзіңізді толық түсінбеген шығарсыз, мүмкін өмірдің жалған қызықтарына алданып жүрген шығарсыз? Мүмкін өміріңіз еліктеушілікпен өтіп жатқан шығар? Бұған қатты мəн беру керек.

Жеке тұлғаны таңдаулы ерекшеліктермен қалыптастыру мүмкін емес екенін түсініңіз. Біз бəріміз бір-бірімізге ұқсаймыз, өйткені біздің адамға тəн қасиеттеріміз ортақ. Сондықтан ақиқат пен өмір заңдылықтары, болмыс барлық адам үшін бірдей, дегенмен адамдар әртүрлі. Сіздің мінезіңіз басқа біреуден алынған болса да, сіз əлі де жалған емессіз. Сіз шынсыз, өйткені жеке бөлшектерді бір композицияға жинауға болады. Октавада тек сегіз нота бар екенін ұмытпаңыз, дегенмен олардан жүздеген мың əдемі жəне ерекше əуендер шығады. Мұның себебі олардың үйлесімінде.

Сіз басқа адамдардан қандай да бір ерекшеліктерді қабылдағаныңыз, сізді ерекше етпейді. Ең бастысы, сіз өзіңізді жасағаннан кейін, қалыптасып қойғаннан кейін, сіз кез-келген уақытта өзіңізді өзгерте аласыз. Бұл процесс шексіз жалғасуы мүмкін. Егер сіз кенеттен өзіңіз ойлағаныңыздай емес екеніңізді байқасаңыз, бұл проблема емес. Керісінше, мұны түсіну проблеманы шешудің алғашқы қадамы болып табылады. Өміріңізді өзгерту жəне одан ауырсыну мен ыңғайсыздықты тудыратын барлық нəрсені жою үшін алдымен өзіңіздің қандай да бір шындығыңызды қабылдамау немесе жоққа шығарудың пайдасыз жəне мағынасыз екенін нақты түсінуіңіз керек. Өзін-өзі ұнатпаудың себебі – біздің «Идеалды Мен» туралы ойларымыз. Бұл ойды қалыптастыратын – туыстар, замандастар, достар, дін немесе үкімет, интернет немесе әлеуметтік желілер жəне жалпы қоғамның пікірі.