Бақытты болуды үйреніңіз! 2 Бөлім - страница 14



БОСТАНДЫҚ ӨЗІН-ӨЗІ ҚАБЫЛДАУДАН БАСТАЛАДЫ

Өз эгомыздың желісінде бола отырып, біз өзімізді қабілетсіздікке, сенімсіздікке, ақымақтыққа (надандыққа) жəне басқа да кемшіліктерге сендіреміз. Бұл өзіне-өзі баға берудің төмендігі, өзін кінəлі сезіну немесе өзін-өзі қамтамасыз ете алмау, өзіне-өзі жеткіліксіз болудың салдарынан.

Ойлауды өзгерту туралы саналы шешім қабылдағанға дейін ештеңе өзгермейді. Позитивті өзгерістердің алғашқы жəне маңызды қадамы – өзіңді қабылдау, өзіңді жақсы көру. Тек өзіңізді жақсы көрсеңіз ғана, басқа адамдарды жақсы көре бастайсыз. Біз өзіміз туралы ұмытып, ең алдымен ел-жұрт бізге жақсырақ, артығырақ болып көрінеді. Бұл іс жүзінде шығу жолы емес. Ең алдымен, сіз өзіңіздің барлық қателіктеріңіз бен күнəларыңызды, өзіңізді ақымақ (надан) сезінген немесе орынсыз əрекет еткен барлық сəттермен бірге қабылдауыңыз керек. Сіз бүкіл əлемнің алдында тұрып, кешірім сұрауыңыз керек. Сонда ғана сіз өзіңізді сөзсіз жақсы көре аласыз.

Кешірім = жақсы көру = өзгеру.

Өзіңіз туралы ой-пікірлер сіздің əрекеттеріңізді басқарады жəне сіздің өміріңізді анықтайтын нəтиже соларға байланысты. Неге өзін-өзі бағалау біреуді жетістікке, ал біреуді түңілуге алып келеді. Себебі олар қанша позитивті ойлаймын деп күш салса да, олар әлі бәріне орта кінəлі деп ойлап жүр, проблема өзінде екенін мойындай алмай жүр.

Есіңізде болсын: сіз əрқашан өзіңізден басқа ешкімге керек емессіз, мысалы аяқ асты науқас болып қалсаңыз. Жақын адамдарыңызға немесе бəріне бірдей, жалпы көпшілікке ұнау мүмкін емес. Сіз дұрыс болсаңыз орта дұрыс болады. Адекватты мінез-құлық, ішкі тиыштық пен тазалық, дұрыс имани түсінік, өзімен-өзі адам болып кету, Эгоизмға қарсы анти қарулар.

Сізді түсінбегендер туралы ойланып көріңізші, олар сіздің ұмтылысыңызды мақұлдаған жоқ, себебі сіз бəріне бірдей ұнай алмайсыз, сондықтан өзіңізге ұнайтынды жəне өзіңізді өзіңіз сияқты жақсы көруді үйреніңіз.

ӨЗІҢІЗДІ СƏТСІЗДІКТЕРМЕН БІРДЕЙМІН ДЕП САНАМАҢЫЗ

Қателіктерге, сәтсіздіктерге ешқашан қадалмаңыз. Тағы бір рет қайталау керек: сіздің рухани болмысыңыз керемет (себебі Жаратушының өзі сондай), бірақ іс-əрекеттер əрдайым бірдей ақиқатқа сай бола бермейді. Сіздің əрекеттеріңіз сəтті болуы немесе толық сəтсіздікке ұшырауы мүмкін деп түпкілікті нəтижеге қадалмауыңыз керек. Сәттілік немесе сəтсіздік іс-əрекеттерімен байланысты, бірақ олар оның мəні мен себебі емес. Мәні мен себебі іште жатыр.

Өзіңізді қандай да бір əрекеттер немесе əрекетсіздік үшін айыптап, өзіңізді күйзеліске ұшыратасыз. Өз-өзін сәтсіздікке ұшыратудың жолы бөлек, өз-өзінің қабілетін ашудың жолы бөлек. Мынаны түсініңіз, біздің барлық қиналғанымыз, бақытсыздығымыз жəне айналамыздағы өмірге деген ашушаңдық, өзінің немесе басқа адамдардың үміттеріне сəйкес келмегендіктен, ақтай алмағандықтан өз-өзінен көңілі қалғандықтан болады.

Өзін – өзі бұзатын мінез-құлыққа бейім адамдар аз емес, мұндай мінез-құлықтың басты себебі – өзін-өзі жек көру сезімі. Бұл жеккөрушілік олардың біреудің үмітін ақтамағанын түсінуден туындайды. Біздің көпшілігіміз өзімізді, өзгені сыртқы формаға жəне қол жеткізген нәтежиеге қарай бағалаймыз. Біз сəтсіздікке ұшырағаннан кейін өзімізді ғана емес, басқаларды да сəтсіздікке ұшырататын сияқты көрінеді. Ата-аналардың, жұмыс берушілердің, діни тəлімгерлердің, достардың, жақындардың үміттерін ақтай алмай, біз өзімізді «пайдам жоқ», «керегім жоқ» қорытындыға келеміз. Себебі олар бізге солай айтады: «Сенің түк пайдаң жоқ», «Сенің бәрібір керегің жоқ».