Бақытты болуды үйреніңіз! 2 Бөлім - страница 16



«Бұл қалай сонда? – деді олар. Сіз бар өміріңізді діни ғылымға арнап, „Жаннатқа лайықты“ болатындай өмір сүрдіңіз. Сіз Мұса халқын құлдықтан босатқан сияқты бізді де надандықтан, қараңғылықтан, жарыққа шығардыңыз. Сіз Сүлейменнің даналығымен арамыздағы дауларды шештіңіз».

Бұл сөздерді естіген ұстазы ақырын ғана жауап берді: «Мен Жаратушының алдында тұрғанда, ол мені Мұса немесе Сүлейменге ұқсағаным туралы сұрамайды. Ол менен Сен өз тағдырыңа риза болдың ба?» деп сұрайды. Ал мен өз тағдырыма жеткілікті деңгейде разы болған емеспін, сондықтан қорқамын.» деген екен.

Көріп отырғаныңыздай, ақылды адамдар ежелден бері өзі болуға, разы болуға тырысқан. Неге кей адамдар əлі күнге дейін өзі бола алмай, разы бола алмай жүр? Себебі олар бəріне бірдей ұнауға тырысады. Адамның көңілін табамын деп ешқашан ойламай-ақ қойыңыз. Адамның бәріне бірдей ұнау мүмкін емес. Ұнаймын деп адам әртіс болады, маска тағады. Бастығына, күйеуіне емесе әйеліне, ата-анасына, балаларына ұнаймын деп артынан «қадірімді білмеді» деп әңгіме айтады.

Біз тек өзімізге жауап береміз. Сондықтан басқалардың пікірі немесе мақұлдауы (поощрение) маңызды болмауы керек. Сіз өзіңіздің өміріңіз үшін жауап бересіз. Сіз өз əрекеттеріңіздің нəтижелері мен өміріңіздің мəн-жайы үшін жауап бересіз.

Əр түрлі жалған құндылықтар мен неше түрлі ақиқаттан алыс қате сенім мен түсініктің кесірінен, отбасылар айырылысып, ажырасып, рухани біріге алмай жатады, кей отбасылар жойылып кетіп жатыр. Олардың өмір салтының дұрыс болмауы, бүкіл өмірі бұрыс ойларға негізделгенін дәлелдейді. Қарама-қарсы сенімдер соқтығысқан кезде күрес басталады. Бірақ ақиқаттың мəнін білгендерге басқалардың сенімі қауіп төндірмейді. Тек өзіне күмəнданған жəне өзінің шынайы «Мен» туралы білмейтін адамдара ғана қауіп пен қорқыныш бар.

СІЗ ӨЗІҢІЗГЕ ҚАЛАЙ ҚАРАЙСЫЗ?

Сіз өзіңізді көресіз бе, (ішкі көзқарас/сыртқы көзқарас) тыңдайсыз ба (ішкі дауыс/сыртқы дауыс)? Көп адам өзін көрмейді, естімейді. Айтыңызшы, сіз өзіңізді жақсы көресіз бе? Сіз өзіңізге сенім артасыз ба? Сіз берілген уəделерді орындайсыз ба? Сіз өзіңізді жақсы адаммын деп санайсыз ба? Сіз күнделікті өмірде өзіңізбен адал қарым-қатынастасыз ба әлде өзіңіздің шынайы табиғатыңызды жасыратын адам болып көрінесіз бе? Сіздің адал достарыңыз бар ма, сатып кеткендері болды ма?

Мойындаңыз, сіз сатқындармен, «жаман» деп санайтындармен қарым-қатынасты сақтағыңыз келмейді. Өзіңізге деген көзқарас туралы ойланыңыз. Бұл өте маңызды болып табылады. Көбінесе біз бәреуге емес өзімізге сатқын, жау болғандықтан нашар əрекет етеміз, әретеміздің берекесі жоқ. Біз жанымызға (ішімізге) қарауға қорқамыз, ол жерде көргендеріміз бізге мүлдем ұнамауы мүмкін деп күдіктенеміз. Адамдардан өзін білгісі келеді, бірақ шындықтан қорқады, оны өзгертуден, жақсартудан вообще қорқады. Адамның ойлағысы келмейтіні де содан. Өзінің ішінде қандай құбыжықтар жүргенін білмейді. Сіз өзіңіз туралы шындық қорқыныш тудырмайтынын нақты түсінуіңіз керек. Бұл өмірде қорқатын еш нарсе жоқ. Тек Құдайдан ғана қорқыңыз. Басқа адамдарды сыйлаңыз, құрметтеңіз. Қаншалықты сіз ойлап тапқан қорқыныш қорқынышты болса да, Құдайдан басқаның бəрі əлсіз. Шайтан сізді қорқыта немесе ренжіте алмайды, бірақ азғыра алады. Қорқыныш себебі – адамдардың ақиқатты қабылдамауы жəне оны дұрыс түсінбеуі.

ӨЗІҢІЗДІ ТҮСІНУДІҢ АЛҒАШҚЫ ҚАДАМЫ

Ең қиын жұмыс – өзіңді зерттеу. Өзіңізді дəл қазірден зерттеуді бастаңыз, бұл сізге тек пайда əкеледі. Өз қорқыныштарыңызды түсініп, олардан арыласыз. Басқалардан жақсырақ немесе артағырақ болу туралы ойламаңыз. Себебі салыстыру деструкция. Өзіңізді өзіңіз сияқты жəне өзіңіз қалағандай білуге тырысыңыз.