Егер осы болмағанда сен міндетті түрде бақытты болар едің - страница 4




Біздің ең айқын ойлау үлгілеріміздің негізгілерін қайта қарастыру жеткілікті. Мен бұл сыни массаның қандай баламада екенін нақты айта алмаймын, бірақ өмірде «граммен өлшейтін» адамдар үшін бұл, менің тәжірибем бойынша, шамамен 300—400 шаблон болады.


Біз саналы және бейсаналық өмірімізде осы үлгілерді құрастырып келеміз, және менің кеңесім – қазір осы үлгілердің барлығын тап қазір өзгертуге тырыспаңыз, кем дегенде бір-екі жыл уақыт беріңіз. Бұл екі жыл үлгілерді өңдеуге жеткілікті.


Баяу және мән-жайларға қарай әрекет етіңіз, шешу үшін бір тапсырма немесе бір тілегіңізді алыңыз, бірнеше ондаған шектеулі сенімдерді анықтаңыз да олармен жұмыс жасаңыз. Біреуімен жұмыс істегеннен кейін, сізде жанама түрде бір үлгіге байланған ондаған басқа сенімдер автоматты түрде қайта құрылады.


Менде тағы бір керемет жаңалық бар – бір мәселені шешкен кезде бізде ондаған басқа мәселелеріміз қатар шешіледі, өйткені тіпті бір үлгі біздің барлық басқа мәселелеріміз бен тілектерімізге ілесіп жүреді.


Бірнеше ондаған шектеу бағдарламалары немесе ойлау үлгілерінің кесірінен біздің бірнеше ондаған тілектеріміз орындалмай қалды. Біз бір салада бір нәрсені шеше бастағаннан кейін, басқа салаларда да бәрі өзгере бастайды.


Ойыңызды кеңейту, көп нәрсені көре бастау, әлемге тар көзбен қарамай, біздің әлемге кенеттен келе бастайтын жаңа мүмкіндіктер мен біз оларды тиімді пайдалану үшін берілген ресурстарды шексіз байқай бастаудың қаншалықты керемет екенін елестетіп көріңізші.


Естеріңізге сала кетейін, бұл ресурстардың, мүмкіндіктердің барлығы бізде әрқашан болды, бірақ біз оларды шектеулі сенімдерімізге байланысты байқамадық, сонымен қатар біздің тілектеріміз де орындалды, біз оларды да, мүлдем керек емес қырларына назар аударам деп, байқамадық.


Мысалы, біздің алдымызда қабырғаға ілулі тұрған сурет бар, бірақ біз оны көре алмаймыз, өйткені оның алдындағы экран бүкіл көріністі жабады. Біз оны көру үшін экранды бір жаққа алып тастауымыз керек. Шаблондармен де, дәл солай, олар біз үшін көз алымыздағы панораманы жабатын «экран».

4. ТАРАУ. «ОСЫ ЖЕРДЕ ЖӘНЕ ОСЫ СӘТТЕ»

Бұл тарауда мен трансформация тақырыбы бойынша емес, бізге өте қажет және мүмкіндігінше маңызды тақырып бойынша өте маңызды ақпарат жазғым келеді. Сіз қазір бәрін өзіңіз түсінесіз.


Әңгіме «осы жерде және осы сәттегі» маңызды күйіміз жайлы және біздің санамыз бізді осы күйден қалай алыстататыны туралы болады. Ақылымыз бізді осы күйден алыстатпауы үшін біз оны өзгертуіміз керек.


Мүмкін, бұл біздің өмірімізде жасауымыз керек ең пайдалы нәрсе болар. Жай ғана проблемаларымыз бен міндеттерімізді тез шешу және өз тілектерімізді орындау үшін ойлауды өзгерту емес. Бұл міндет трансформацияның жанама әсері ретінде қосымша ғана болады.


Ал ойлаумен жұмыс істеудің басты міндеті – бір ғана тілекті орындау – тура «осы жерде және осы сәтте» бақыт, махаббат, үйлесімділік пен тұтастық күйінде болу.


Және де бұл күйден асқан әдемі және өмірлік маңызды ештеңе жоқ, оған бәрі сонша ұмтылғанымен, бұл күйді ұстап, сезінуге көбіміз үлгермей жатамыз.


Тек кейде шашыраңқы жадымыз ғана бақыттың болғанын есімізге түсіреді. Болды (өткен шақта). Біз оны тағы да уысымыздан шығарып алдық. Біз оны күтіп, тосып отырғанымызда ол өтіп кетті. Ал бұған не дейсіз?


Ойлап көріңізші, біз бірдеңе қалаған кезімізде, біз оны шынымен қалаймыз ба? Ал сіз оны алған кезде, ұзақ уақыт бойы қуандыңыз ба?