Тау мен теңіз ертегілері. От құдайы Чжу Жун (Zhu Rong) - страница 2
Ол балшырынды, шын мәнінде, аспанға жерден таситынын білмейді.
Балшырынның қымбат болатын себебі – оны жинау өте қиын. Оны жинаудың қыр-сырын білетін адам түн жарымына дейін ұйықтамай, көк шөптің қасына барып, шықтың пайда болғанын күтеді. Таң ата шық пайда болған кезде сол таза шықты таза ыдысқа жинайды, мұны күн шықпай істеу керек. Көп шықтың ішінен ең тазаларын жинап алады. Оның үстіне, оны тасымалдаудың өзі қиын шаруа. Өйткені тап-таза шық көбінесе шалғайдағы таулар мен ормандарда немесе жолы қиын жерлерде болады. Оның үстіне шықты ат атысымен жинап, күн шықпай тұрып жеткізу керек. Таза шық күннен ұялатын сияқты, күнді көрген заман жоқ болып келеді. Сондықтан тасымалдауға көп жұмыс күші, материалдық ресурстар, қаржы ресурстары керек. Сонымен қатар оны сақтаудың да өзіндік қиындықтары бар. Аспанға тасымалданатын балшырындарды өңдеуге тура келеді. Өңдеудің құпия рецепті бар, құпияны ашуға болмайды. Балшырынды мұздатуға, тым ыстық ұстауға болмайды, оны бүркеп тастауға, не мүлде ашып тастауға да болмайды. Оны бірден ішу керек, болмаса тұрған сайын қоюланып,біртүрлі күлімсі иіс шығып кетеді.
Адамдардың аспанға көтерілу жолы көп бол-ғанымен, мынадай бірнеше түрлі әдісі бар:
1. Аспанға баспалдақпен көтерілуге болады. Баспалдақтың екі түрі бар, бірі шөптен жасалған баспалдақ, екіншісі ағаш баспалдақ. Ағаш баспалдақ ағаш пен арқаннан жасалған былқылдақ баспалдақ. Шөп баспалдақ дегеніміз – ағаш жапырақтарынан жасалған баспалдақ. Адамдар жапырақты басып,аспанға көтеріледі.
2. Ағашқа өрмелеу2 арқылы аспанға көтерілу. Ағаш аспанмен тілдесіп жатады. Тек ағашқа өрмелей алсаң болды, аспанға көтеріле аласың. Оның ешбір қыр-сы-ры жоқ, меңгеруді қажет етпейді. Өйткені сол заман-да адамдардың бәрі ағашқа өрмелей алатын болған. Адамдар тік жүруді кейіннен үйренді. Одан бұрын адамдар маймыл сияқты ағаштың басында тіршілік еткен. Адамдар үйді ағаштың басына салып алатын,оны ағаш үй деп атаған.
Аспанға көтерілу үшін баспалдақтар орнатылған.
Ағашқа өрмелей алмайтындар баспалдақпен кө-теріле алады, ал баспалдақпен көтерілуге қорқатын-дар ағашпен көтеріледі (Жел соққан кезде арқан мен ағаштан жасалған баспалдақ тербеліп тұрады, ал шөп баспалдақ жаңбыр жауған кезде тайғақ болады).
Ал осы екі баспалдақпен жүре алмайтын болсаңыз,баспалдақтың қасына барып, Құдайды күтсеңіз бол-ды, ол өзі аспанға ала кетеді. Ол заманда қазіргідей көп ереже мен қағида болған жоқ. Құдай адамдарды еш кедергісіз көкке алып кете беретін.
Құдайлар адам жасаған кейбір жергілікті өнімдерді аспанға алып кете алған, бұл контрабандаға жатпай-тын.
Кейбір Құдайлар шаш қыстырғыш, сырға, алқа,білезік және шам сияқты қолдан жасалған нәрселерді жақсы көретін. Бұл заттардың ең үлкен ерекшелігі – тез тозады не тез сынып қалады. Құдайдың заты оңайлықпен сынбайды, тек жалықтырып жібереді. Олардың тарағы тозбайды, жүздеген жыл қолдануға жарай береді. Ал адамдар жасаған заттар тез тозады,оның орнына жаңасын алуға тура келеді. Ескінің ор-нын жаңа басады деген осыдан қалса керек. Не десек болады: Құдай да жаңа нәрсені ұнатады.
Аспандағы заттарға қарағанда жердегі заттар ар-зан келеді.
Сол себепті Құдайлар жерге түсіп, өздеріне керекті заттарды сатып алып қайтады.
Кей пысықтар жердегі заттарды аспанға апарып,ал аспандағы заттарды жерге әкеп қымбатқа сататын.