Труды IV Республиканской научно-практической online-конференции «Образование XXI века: проблемы, тенденции и перспективы» - страница 27



Материалдар. Ұлпаларды егу жұмыстарында қолданысқа ие болатын мақта, дәке, мақта тығындары, сүзгі қағаздары, халаттар, жіптер автоклавта 2 атм кысыммен 25—30 мин аралығында ұстау арқылы стерильденеді.

Өсімдік материалдары. Өсімдік дәндерін, ұштық меристемасын, әр жерлерінен алынған ұлпа бөліктерін стерильдеу үшін, әр түрлі ертінділер қолданылады: сулеманын сулы ерітіндісі немесе екіхлорлы сынап (0,1%), бром (1%), пергидрол (20—30%), хлорамин (3—6%), диацид, гипохлорит натрий (10%). Диацидті келесі жолмен дайындайды: 330 мг этанолмеркурхлорид және 660 мг цетилпиридинилхлоридтерді ыстық суда (300 мл көлеміндегі) жекелеп еріткен соң, алынған ерітінділер араластырылып, дистильденген су кұю арқылы оның көлемі 1 литрге жеткізіліп, оған бірнеше тамшы Твин-80 детергенті қосылады. Диацид тығынмен нығыздап жабылған кұтыда, тоңазытқышта караңғы жерде сақталады.

Өсімдік ұлпаларын стерильдеу алдында мұқият тазалайды. Тамыртүйіндер, түйнектер, өсімдіктердің жуан сабақтарын шетка арқылы сабындап таза ағынды суда жуып, қабығын (тамырлар мен түйнектердің) аршып және беткі қабатын тазалаған (сабактардың) соң, дистильденген суда шайып барып, бірнеше секундқа таза спиртке матырады. Бұл кезде спирттің тікелей әсерінен баска, негізгі стерильдік құрамның тиімділік күшінің артуы да байқалады. Сонан сон өсімдік зерзаттары дистильденген суда бірнеше қайтара шаю арқылы, стерильдік заттарынан тазартылады.

Диацидті жүгері, бидай, арпа дәндерін, пергидрольді үрме бұршақ, бөрібұршақ, пісте (шағылған дәндерін), қызанақ, шалғам және басқаларын стерильдеуде қолдану ұсынылады. Диацид арқылы өсімдік дәндерін стерильдеу уақыты 15—20 мин, ал пергидрольмен 10 мин құрайды. Кейбір өсімдіктердің дәндерін (мақта, бұршақ) концентрленген күкір қышқылында 3 мин ұстап, автоклав арқылы өткізілген дистильденген таза сумен бес қайтара жуу арқылы тазалайды. Меристема мен өсімдіктердің әр жерлерінен алынған ұлпа бөліктерін стерильдеу мерзімі бұдан екі есеге дейін қысқа келеді. Бұл мақсатта көбінесе диацид қолданылған соң, 5—6 рет суды алмастыра отырып жуады.

Кейбір кездері қызанақ, алма, аскабақ, бұршақ тұқымдастар және темекі сияқты қайсібір өсімдіктердің тұқымдары антисептиктер арқылы өңделмейді. Бұлардың дәндері толықтай піскен кездеріне қарай қалың етті, қатты ағаш немесе сүйек тәрізді қабықты болып қалыптасады. Мұндай өсімдіктердің сырты бұзылмаған дән қабығы сабынды суда мұқият жуылғаннан соң, бірнеше қайтара спиртпен сүртіледі. Сонана кейін барып таза асептикалық жағдайда қабығын жарады. Стерильді құрал арқылы ішіндегі дәндері алынып, стерильденген ыдыстарға салынады.

Қоректік орталар. Ішінде қоректік орталар салынып, аузы мақта тығындарымен бекітілген құтылар мен пробиркалардың мойындары целлофан немесе орам қағаздармен оралған соң, автоклавка жайғастырылып, 1»0°С температура мен 1 атмосфералық қысымда 20 минут стерильденеді.

Өсімдіктің сабақтарын қалемшелеу арқылы микрокөбейту әдісі

Картоптың вируссыз өскіндерін алу мақсатында арнайы пробиркаларда өсірілген өсімдіктерді қалемшелеу әдісімен таныстырамыз.

Апикалды меристемадан алынып, жасанды коректік ортада өсірілген вируссыз картоп өсімдігі көбейтіледі. Осындай жолмен көбейтудің ең көп тараған әдістерінің бірі – дайындалған қоректік орта салынған арнайы пробиркада өсірілген картоп сабақтарың қалемшелеу болып табылады. Бұл әдісте, пробиркадан алынған картоп сабағы, әрбір бөлігінде жапырақша мен койындық жаңа өскін қалдырыла отырылып, кішкене бөліктерге бөлінеді. Алынған қалемшелер қоректік орта салынған пробиркаларға отырғызылады