Читать онлайн Николай Лустов - Труды III Республиканской научно-практической online-конференции «Образование XXI века: проблемы, тенденции и перспективы»



Составитель Николай Сергеевич Лустов


ISBN 978-5-0059-7248-4

Создано в интеллектуальной издательской системе Ridero

ВСТУПЛЕНИЕ

Сборник III Республиканской научно-практической online конференции «Образование XXI века: проблемы, тенденции и перспективы», создан на базе Дистанционного образовательного портала «Евразийская наука».

Дистанционный образовательный портал «Евразийская наука» – сетевая многофункциональная открытая площадка, созданная для педагогов, воспитателей, школьников, студентов и магистрантов.

Миссия портала – повышение профессионального мастерства педагогов и обучающихся, доступности удовлетворения их запросов и ожиданий на основе использования разнообразных форм и технологий сетевых изданий. Дистанционный образовательный портал «Евразийская наука» является средством массовой информации в сфере образования (Свидетельство о постановке на учет, переучет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №17367-СИ выдано 22.11.2018 г. Комитетом информации Министерства информации и коммуникаций Республики Казахстан).

Абдувалова А. Д.>1, Ешмаханова Т. К.>2, Абдувалова Н. Д.>3

БІЛІМ БЕРУ ДЕРЕКТЕРІН ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ТАЛДАУ АЛГОРИТМІН ӨҢДЕУ

(>1,2М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, Тараз қ.

>3Бурыл орта мектебінің физика мұғалімі, Тараз қ.)


Қазақстанның жоғары оқу орнында (ЖОО) білім алушылардың оқытылу қызметі туралы көп көлемде ақпарат жинақталған, және олардың көпшілігі студенттердің бүтіндей оқыту мерзіміндегі алған жинақталған орта баллдары бойынша ранжирлеуде статистикалық есеп беру үшін қолданылады. Оқыту үрдісін жетілдіру мақсатында шешім қабылдау үшін түсінікті және көрнекі нәтижелер алу үшін деректерді ағымдағы талдау және ақпаратты өңдеудің интеллектуалды алгоритмдерді қолдану қажет. Дегенмен білім беру сферасында шешім қабылдау және деректерді талдауға Data Mining әдістерін қолдану мәселелері шешілмей келеді [1]. Сондықтан білім беру сферасында ең жиі қолданылатыны интеллектуалды талдаудың сипаттама моделдерінің сатылары 1 -ші кестеде көрсетілген.



Деректерді интеллектуалды талдау алгоритмдері деректерді интеллектуалды талдау модельдерін құратын механизм болып табылады. Модель құру үшін алдын-ала деректер жиыны талданады, белгілі заңдылықтар мен трендтерді іздеуді жүзеге асырады. Алгоритм деректерді интеллектуалды талдау параметрлерінің моделін анықтауға арналған нәтижелер қолданылады. Содан соң бұл параметрлер барлық деректер жиынына қолданылады, онда қолдануға жарамды заңдалықтарды анықтау мен нақты статистиканы алу. Ұсынылған әдісті график түрінде көрсетуді қолданудың қадамдар тізбегі 1-ші суретке сәйкес келтірілді.

Алгоритм құрған деректерді интеллектуалды талдау моделі әртүрлі формада болады және оған келесілер енеді:

– шешім қабылдау ағыны, студент болашақ сессиясын тапсыруын болжайды;

– математикалық модель, кафедралар (факультеттер т.б) бойынша сессия нәтижелерін болжайды;

– білім беру үрдісіндегі деректер жиынының байланыстар варианттарын сипаттайтын кластерлер жиыны т.б.



Деректерді интеллектуалды талдау бойынша модуль құру үшін деректер көздерін анықтау қажет, деректерді интеллектуалды талдау моделі және интеллектуалды талдау құрылымы құрылуы тиіс [2].

Деректерді интеллектуалды талдау моделіне негізделген әдістерден тәуелді келесі нәтежелерді алуға болады:

– шешім қабылдау алгоритм ағашы көмегімен моделдеу нәтижелері;

– кластеризациялау алгоритмі негізінде моделдеу нәтижелері;

– уақыттық қатар алгоритмдері бойынша моделдеу нәтижелері;

– қысқартылған Байес алгоритмі бойынша моделдеу нәтижелері;

– өзара байланыс ережелерін қолданып моделдеу нәтижелері;

– ассоциация алгоритмдері бойынша моделдеу нәтижелері;

– нейрон желілерін қарау құралдары көмегімен моделдеу нәтижелері;

– логистикалық регрессия алгоритмін қолданып моделдеу нәтижелері.

Қазақстан ЖОО-да рейтингті жүйені енгізгеннен бастап оқу үрдісінің жағдайы туралы ақпарат көлемі едәуір ұлғайды. Рейтинг деректердің өңдеу және талдау есебі өзекті сипат алуда, сондай-ак оқу үрдісін басқаруға арналған алынған нәтижелерді интерпритациялау қажет етеді.

Айқынсыз бастапқы ақпараттарды реттеу есебін шешу үшін айқынсыз деректерді талдау әдісі 2-ші суретке сәйкес алгоритмі қолданылады. Бұл әдістер көмегімен әртүрлі топтардағы студенттер үлгерімдерін салыстырмалы бағалау есептерін шешу мүмкін және пәндер жиынтығы бойынша бір топ студенттерін ранжирлейді.

Ары қарай есептің математикалық формулировкасын сипаттаймыз. Альтернатива жиынын қысқаша келтірейік х= {x>i}, мұндағы i=1,2,…,n. Әрбір альтернатива бірнеше белгілермен сипатталады k=1,2,…,m ол {a} жиынын құрайды. Әрбір а>k белгі бойынша алтернативті жұп салыстыру туралы ақпарат R>kформасындағы қатынас түрінде көрсетілді. Сонымен, x жиынында R>kталғамының m қатынасы бар болсын. {x, >Ri>Rm} жиынының ең жақсы альтернативін таңдау талап етіледі.



Сонымен студенттерді бірнеше пәндер жиынтығы бойынша үлгерімдерін ранжирлеу есебін шешу мүмкіндігі туады. Сипатталған алгоритм көмегімен осыған ұқсас көптерген есептерді шешуге болады және рейтинг деректерінен оқу үрдісі туралы қосымша маңызды ақпараттарды шығару мүмкіндігі болады.

Әдебиеттер

1.Макшанов, А. В. Технологии интеллектуального анализа данных: Учебное пособие / А. В. Макшанов, А. Е. Журавлев. – СПб.: Лань, 2018. – 212 c.

2. Тюрин, Ю. Н. Анализ данных на компьютере / Ю. Н. Тюрин, А.А. акаров. – М.: МЦНМО, 2016. – 368 c.

Абдукаримова А. Ю., Кашкынбаева З. К.

Бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу мәнерін дамытуда инновациялық технологиялардың алатын орны

(М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, Тараз қ.)


Бүгінгі еліміздің білім беру жүйесіндегі реформалар, өзгерістер мен жаңалықтар мұғалімнің жаңа идеялармен жұмыс жасауына мол ықпалын тигізуде. Әрбір ізденіс жолындағы мұғалім кәсіби шеберлігін шыңдай отырып, өзіне «Не үшін оқытамыз?», «Нені оқытамыз?» және «Қалай оқытамыз?» деген сұрақты қойып, жеке тұлғаның ана тілді меңгеруіне жаңа идеяларды туындатып, әр сабақта оларды жан-жақты қолданумен қатар жаңаша оқытудың тиімді жолдарын іздесе, заман талабына жауап бергенінің нышаны.

Қазіргі заман талабында жаңартылған білім беру мазмұнының басты ерекшелігінің бірі – бастауыш сынып оқушыларының өз ана тілінде нақышына келтіріп сөйлетудегі инновациялық технологиялардың орнын дәріптеу болып табылады. Оқушылардың сауатты жазып қана қоймай, өз ойын айқын жеткізе алатын тұлға етіп тәрбиелеудің негізі – бастауыш сыныптан басталатындығы белгілі. Сондықтан, ұлттық тіл мен ұлттық сананың қалыптасуы – ата-бабамыздың салып кеткен дара да сара жолы екенін мұғалім сол сатыда ұғындыра білуі қажет.

Бастауыш сынып оқушыларының мұғалімдері мектепке келген күнінен бастап, олардың тілін дамытып, түрлі тақырыпта сөйлеуіне жағдай жасайтыны белгілі. Жоспарланған жұмыс бойынша мұғалім түрлі тілдік проблемалар туғызып, сөйлеуге белсенділігін арттырады. Бірақ қалай?

Бастауыш сынып мұғалімі сөйлеудегі белсенділік пен мәнерді тепе-теңдікте қалыптастыру үшін оқу жүйесін дұрыс түсініп, өз жұмыс жоспарын толықтырады. Демек, оқу бағдарламасынан тыс қосымша тапсырмалар беріп, баланың ынтасын оятып, әрбір оқушының сөйлеу деңгейін, ойлау қабілетін, шығармашылығын зерттейді. Ана тілі сабақтарында әңгімелеуге тән тапсырмаларды орындатып, мұдірмей сөйлеуге дағдыландырады.

Бастауыш сыныпта білімалушылардың тілін дамыту барысында, ең әуелі сөздік қорының көп болуын және оны тиімді қолдана білуін басқарған жөн. Осы мақсатта жүйелі еңбек еткен мұғалімнің методикасында ауызекі сөйлеу тіліне сай алғашқы күннен бастап-ақ, сюжетті суреттер бойынша сұрақтарға жауап беру арқылы әңгімелеу, өзінің жанұясы жайлы әңгіме құрастыру, өзі жайлы мақтанышпен айту секілді жұмыс түрлері болғаны абзал. Бұл баланың эмоциясын көрсетумен бірге өз ойын анық жеткізуге, сөздерді орынды қолданып, оны дұрыс айтуға, сөздік қорын байытуға бағыттайды.

Тілді дамытуда тіл мәдениетінің жоғары деңгейде болуын қадағалаған мұғалім тіл арқылы өз ойын дұрыс, дәл және мәнерлі жеткізуге болатынын ескеріп, оқушының да ізденіске бейімделушілігін молайту жолдарын арттырады. Осы орайда инновациялық технологияның әртүрлі коммуникациялық тәсілдерді пайдалануына мүмкіндік беретіндігі көрсетіледі.

Оқушының мәнерлеп сөйлеуіндегі проблемаларды шешу негізгі мақсат болса, мұғалім баланың сөздерді тез қабылдап, оны қолдану орнын білуге жағдай жасап, мүдірмей сөйлеуге машықтандырады.

Бастауыш сынып оқушысының сөйлеу мәнерін қалыптастыруда тек қана өз ұлтымыздың ауызекі шығармашылығының тигізер ықпалы зор. Себебі, ағартушы, ақын Ахмет Байтұрсыновтың өзі: «Тіл дамыту мәселесі тек қана грамматика заңдарын үйретіп, не болмаса, сөздерді балаға үйрету ғана емес, сөзді тіршілігінде пайдаланып көрсету барысында ғана шешуге болады», – деген тұжырымы сөйлеу тілі мен сөздік қоры молая бастаған сайын бала айналадағы адамдармен, құрбылары мен белсенді түрде сөздік қарым-қатынас жасайтынын айтады.

Ол үшін халқымыздың ертегі, аңыз әңгімелері, мақал-мәтелдері, жұмбақ, жаңылтпаштары жеңіл тілімен беріліп отыруы керек. Балаға жаңылтпаш үйреткенде, оның айту процесін бақылап, сөзді дұрыс сөйлеуге бағыттаған жөн. Өйткені, кейбір баланың тілі келмей, жаңылтпаш айту ережесін бұзып алып отырады. Ал, мұғалім соның бәрін зерттей отырып, сөздердегі дыбыстарды анық айтуға дағдыландырады. Ауыз әдебиетінің келесі түрі – жұмбақ айтқызу. Бұл баланы тапқырлыққа үйретумен қатар ойлау қабілетін кеңейтіп, оның тілін ұштауға көмектеседі. Ал, баланың сөйлеу нақышын реттеуде мақал-мәтелдерді орынды қолдану мен оның пайдасы орасан зор. Оқушылардың сыныпта және сыныптан тыс оқуда белгілі бір тақырыпты оқытқан кезде екінші бір тақырыппен сәйкестендіріп алу ыңғайлы болады. [2,456].

Бастауыш сыныпта сөйлеу мәнерін меңгертудің келесі жолы: кешенді оқыту технологиясы. Ал, оқушылар үшін: бейнетаспаны көрсету арқылы тақырыпқа шығуға болады. Тақырыпты тапқаннан кейін оқушылар алдарына мақсаттар қойып, сабақ барысында тақырыптың мазмұнын ашатын дидактикалық үлестірмелі жаттығуларды берген дұрыс. Сонымен қатар жұптық жұмыста оқушылардың бірлесіп диалог құрып, оны сахналастыру. Бұл оқушылардың бір-бірімен сөйлесу арқылы сөздік қоры мен сөйлеу дағдысын қалыптастыруын дамытады.

Сабақ барысында топтық жұмыста оқушыларға сурет бойынша ертегі құрастыру тапсырылуы мүмкін. Дәл осы уақытта оқушының сөйлеу тілі мен ойлау, қиялдау қабілеттері де дами түседі. Мұнда ой бөлісудің өзі оқушының көпшілік алдында сөйлеп, мәнерді реттеу жолдарын қалыптастырып, өзіне сенімділігін шыңдайды. Сондай-ақ, ой бөлісуде артық сөздерден аулақ болуға және тиянақты сөйлеуге дағдыланады.

Сөйлеу процесінде бастауыш сынып оқушыларының мәнерді реттеуіне қарай айтылатын сөздерден басқа дауыстың қатты болуы, сөйлеу жылдамдығы мен үзіліс, бет әлпеті, сияқты элементтер де маңызды. Өткені сөйлеу тікелей тыңдаумен байланысты. Бұл өмірде оқушылар алдымен қоршаған ортадағы адамдармен сөйлесуді үйреніп, өз ортасында ойын білдіру арқылы білім алып, ой өрісін дамытып, үшін сөйлеу шеберлігін жетілдіреді. Ал, сөйлеу мәнерінің балаға әсер етуі сыныптағы оқушылардың бірлесіп жұмыс жасауына, тақырыптарды бірігіп талқылауына, тіпті, бірлесіп шешім қабылдауына және проблемаларды шешудің маңызды саласы болып табылатынына көз жеткізеді.

Оқушылардың өз ойын жеткізуге, нақышын келтіріп сөйлеуге үйрететін әдістің бірі –