Труды VII Республиканской научно-практической online-конференции «Образование XXI века: проблемы, тенденции и перспективы» - страница 22



Таким образом, можно сказать, что использование игровых технологий на уроках русского языка и литературы является эффективным инструментом для повышения мотивации и вовлеченности учащихся в учебный процесс. Ролевые игры, дидактические игры, квесты помогают развивать коммуникативные навыки, критическое мышление, творческие способности и способствуют глубокому усвоению учебного материала.


Список литературы:

1. Гончаров, А. А. Игровые методы обучения в школе: теория и практика / А. А. Гончаров, Н. В. Федорова. – СПб.: Питер, 2020. – 240 с.

2. Королёва, Е. В. Игровые технологии в преподавании русского языка и литературы // Вестник образования. – 2022. – №3. – С. 45—53.

3. Педагогический институт Российской академии образования. Отчет о результатах применения игровых технологий в обучении в 2023 году. – М.: ПИ РАО, 2023. – 100 с.

4. Смирнова, Т. А. Теория и практика использования игр в школьном обучении / Т. А. Смирнова. – Екатеринбург: Уральский федеральный университет, 2020. – 180 с.

Болтаев А. Д.

ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ӨЗІН-ӨЗІ БАҒАЛАУЫ МЕН ТҰЛҒААРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫНА ГАДЖЕТТЕР МЕН ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДІҢ ӘСЕРІ

(«Педагогикалық психология» кафедрасының доценті

М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті,

Тараз қ., Қазақстан)


ӘОЖ 004.738.5


Қазақстанда әлеуметтік желілердің жасөспірімдерге әсерін соңғы жылдары белсенді зерттеп жатыр, өйткені жастар арасында цифрлық технологиялар мен интернет-платформаларды пайдалану қарқынды өсуде. Қазіргі қоғамда интернетсіз ешқандай сала ілгері дами алмайды. Осы кезекте,«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасында елімізді цифрландыру инновациялық экономика құру, 2050 жылы 30 дамыған елдің қатарына кіру және адамдардың еңбек күшін дамыту құралы ретінде қарастырылды [1], ал балалардың өз жасына сай ақпаратты алу және тасымалдау құқықтарын іске асыруға байланысты пайда болатын қоғамдық қатынастарды «Балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттардан қорғау туралы Қазақстан Республикасының заңы» реттейді [2]. Бұл заң нормаларын білу және орындау оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуде аса маңызды. Осы ретте, әлеуметтік желілер жасөспірімдердің физикалық және рухани денсаулығына тікелей әсер ететінін ерекше атап өтсек болады. Бүгінгі таңда жасөспірімдер әлемін гаджеттерсіз және әлеуметтік желілерсіз елестету мүмкін емес. Бұл технологиялар жастар үшін коммуникацияның, бос уақыттың және өзін-өзі көрсетудің негізгі арнасына айналды. Алайда, жасөспірімдердің гаджеттер мен әлеуметтік желілерге тәуелділігінің артуы оларды қолданудың ықтимал салдары туралы сұрақтар туғызады, әсіресе өзін-өзі бағалау мен тұлғааралық қатынастарға қатысты. Гаджеттер мен әлеуметтік желі жасөспірімдердің психологиялық жағдайына, олардың өздері туралы түсініктеріне және басқалармен қарым-қатынасына қалай әсер ететінін қарастыратын боламыз.

Қазақстандық зерттеушілер, оның ішінде әлеуметтік психология, педагогика және әлеуметтану саласындағы мамандар өзін-өзі бағалауды қалыптастыру, психикалық денсаулық, әлеуметтік желілердегі жасөспірімдердің мінез-құлқы, контенттің тұлғалық дамуға әсері және тағы басқа аспектілері зерттелуде. Ә.Қ.Нұржанова әлеуметтік желілердің Қазақстандағы жасөспірімдердің өзін-өзі бағалауы мен психикалық денсаулығына әсері туралы зерттеулер жүргізді. К.С.Оспанова жасөспірімдер арасында виртуалды тәуелділік мәселесін зерттеді. Ол әлеуметтік медианы белсенді пайдалану жасөспірімдердің нақты қарым-қатынас пен жеке байланыстарға деген қызығушылығын жоғалтқан кезде тәуелділікке әкелуі мүмкін екенін атап өтті. Ә. М. Дәулетова жасөспірімдер арасында кибербуллинг мәселесімен айналысқан. Ол өз еңбектерінде кибербуллингке ұшыраған жасөспірімдердің депрессиядан, мазасыздықтан және оқуда қиындықтардан жиі зардап шегетініне назар аударады.