Бағалым - страница 2




Махаббат па, ол да болған бір кезде,

Сүйгеніме сыйлап талай «жырдесте».

Азабы мен ғажабы оның бар екен,

Кетпестейін естелік боп тұрды есте.


Ал, қазір ше, мүлде бөлек жағдайым,

Бақыттымын, ашық бүгін маңдайым.

Жабырқасам, көңілім түсіп сәл ғана,

Көзімдегі жасым сүртер ЖАН дайын.


Бақыттымын, тағы қалай шаттанам,

Қайғы- мұң да, бәрі бүгін жат маған.

Сүйгенімнің «жаным» деген сөзінен,

Қуаныштан Көкке «ұшуға» шақ қалам.


Мен осындай өміріммен мақтанам!!!


10. Серт

Кеш түсті. Тағы бір күн өтіп,
Санамды сансыз ой тербеген.
Жүзімді сағыныш түнертіп,
Жүректі кернейді шер деген.
Бақытқа бөлендік кеше біз,
«Махаббат» аралын мекендеп.
Өтсе де неше жаз, неше күз,
Серт еттік шын сүйіп өтем деп.
Білем ғой, бәрі де жасырын,
Жымиып қарайсыз ұрланып.
Тамсанып тұрғандай ақырын,
Көкте Күн қарайды нұрланып.
Қимастық кернеген жүректі,
Қоштасу сәті де таяды.
Ал, бүгін сондай бір күн өтті,
Еске алып сол кезді баяғы.
Сүйгендер бір жүрсе егілмей,
Өмірдің білгенге, сол мәні.
Сағыныш дертіне жегілмей,
Мәңгілік бір болса болғаны.
11. Ой түрткі

Кездерім көп жылаған да, күлген де,

өмір- жалған, мен осыны білгем бе?

Жан құлазып, көңіл сынып бір мезет,

жүрегімнен атқып шығар жыр демде.


Десем- дағы көңіл- дархан, от- кеудем,

тауқыметін тағдырымның көп көргем.

Таңғажайып әлемім, ол- жалғанда,

«өлең- жырым» маған демеу боп келген.


Соқпағында сан сүрініп жалғанның,

«арнасында» өмір сүрдім арманның.

Бақыт іздеп, қолым созып биікке,

мақсатымды «қару» етіп қармандым.


Жүрегімде жырым жатыр жұлқынған,

жанарымнан ұғып қара сыр тұнған!

Өлеңді емес, өмірімді талқылап,

өсек айтып жүргендер көп сыртымнан.


Көзқарасын маған деген түрлі етіп,

шаң баспаған көңілімді кірлетіп.

«Екі жүзді» адамдар жүр жанымда,

бетінде бір ұяты жоқ мүлде түк.


Тарам- тарам жолдарында тағдырдың,

Ұға алмайсың, әлжуаз кім, алғыр кім.

Жыға алғанды шалып мені аяқтан,

Бір Алланың еншісіне қалдырдым…


12. Әдемі бас қосудан кейін туған ой

Осылай өтіп жатса мәңгі, ә, күнің,
Тапқандай бір ерекше жанға тыным.
Тәңірім өзі қолдап барша ақынның,
Төрінде басын қосты Алматының…
Барлығының жүзінде шаттық есіп,
Тұрғандай бір- біріне бақ тілесіп.
Ән шырқап, жырлағанда әр көңілде,
Ақ пейіл, таза тілек жатты нешік…
Жар болды жаратқаным мына бізге,
Қайтемін қуанышты сұрап өзге?
Көктегі Күн де шуақ шашып тұрды,
Төккендей мейірімін сірә, күз де…
Көңілде мәңгі көктем тұратындай,
Жыласаң, қуаныштан жыла тынбай!
Есімі біраз жерге мәлім болған,
Мың алғыс ағамызға Бөрі ақындай!
Еш етпес, мейлі, аздау болса да айып,
Жанардан бақыт жасы қоса тайып.
Қуансақ, бізбен бірге шын қуанған,
Ағам бар, ақ көңіл жан- Пошатаев!!!
Арамыз үзілместей жол арқандай,
Әлі алда тек жақсылық болар қандай!
Көңілі жас баладай аңқылдаған,
Мың алғыс, ағамызға Омархандай!!!
Кеудемде жаным барда, хақым барда,
Жырлаймын «ақын» деген атым барда.
Келесі кездескенше бар болайық,
Тілегім осы болсын, ақындарға!!!

13. КҮЗ КӨҢІЛ

Сансыз ой сананы қинауда текке кеп,

Тағатсыз күй кешті жабырқау хәлім де.

Өзіңмен өзің қап бұртиып, өкпелеп,

Жүрегім, айтшы енді, ренжідің ә, кімге?


Таңырқап отырмын жайыңа мен бүгін,

Кеудемді ұрғылап, дамылсыз соққаның.

Құдай- ау, араша болады енді кім,

Түскендей күйдемін өртенген отқа мың…


Талқысын тағдырдың тәрк етіп бес елі,

Жаныма жетсе ғой… аңсарым, аяулым.

Санамда жаңғырып өткенім кешегі,

Сандалып кетердей күйдемін таяу күн…


Арманым алыстап кетті ме тым жырақ,

Әлде, мен ұға алмай қойдым ба қадірін?

Күз еніп келгелі жүргенім тұнжырап,

Таусылып бара ма, құдай- ау, сабырым…