Бағалым - страница 5
Жүргенім жақсы ғой мәз болып осыған.
Жанына жақынын қияды жатқа кім,
Оны ойлап, тағы да ойымнан шошынам…
Көзімнен көрдің бе, бір мұңды әлдебір,
Жо- жо- жоқ, ойлама бақытсыз деп мені.
Жүрегім қуанып, бақытты хәлде жүр,
Демек, бір Алланың сыйы кеп жеткені…
Жабығып, қамығып жүруді ұмытқам,
Кездерім молаяр шаттанып, қуанған.
Мен үшін тек енді атады күліп таң,
Жыр жазып ендігі жүрмеймін жыланған…
Сол үшін өзгеріс әкелдім ойланбай,
Басайын, жә, жетер, жүректі бұлқынған.
Көңілсіз өлеңнен біржола тойғандай,
Қаламды лақтырып тастадым мұң тұнған…
24. Ақын ойы
25. Кек аламын
Өткен күннің елесін ұмыт қылып,
Бәрі Алланың сынағы деп аламын.
Кімнің кім екендігін шын ұқтырып,
Бір сәтте өзіме өзім кеп аламын.
Күндеген күншілімді қызықтырып,
Бақыттан бағыма гүл еге аламын.
Мені жылатқандарды тізіп тұрып,
Бір күні бәрінен де КЕК аламын…
26. Қайтесіз?
27. Сен болмасаң…
Жаралған жансың гүлім, сағым нұрдан,
Сен үшін деуші едің ғой, жаным құрбан.
Ешкімге иілмеген бұл жүректі,
Нендей күш еді өзіңе бағындырған???
Салқынын сезіп мынау сұм жалғанның,
Бақ іздеп жүріп талай мұңға алдандым.
Ешкімге кесірі жоқ ойларымды,
Шырмауға түсіріп ап құлға алған кім?
Бақыттың сыйлап тұрып бал шырынын,
«Кетпеші» демеп пе едің, «қалшы, күнім»?
Ешкімге сездірмеген қайтсем екен,
Кеудемде қалып қойған тамшы мұңын?
Көздерің айтып тұр ғой, бар шындықты,
Сезбейді дейсің, қырсық жансың, тіпті.
Ешкімге дәл осылай ренжімеп ем,
Бізде енді, – дедің, – достық қалсын, бітті.
Не айтар дейсің, мұндай жағдайда адам,
Мен үшін орның бөлек, бар ғой, бағаң!
Ешкімде бола алмаған өжеттік пен,
Тек бізде ғана еді ғой, балдай қадам???
Жұлдызым да деуші ең ғой, Айым дара,