Бағалым - страница 4
19. Мөлдір сыр
Қарашы, аға, Күз де келді сұрланған,
Жанарымнан не көресіз мұңданған?
Түнге барып ашсам ба екен сырымды,
Күнге барып айтсам ба екен нұрланған?
Ұрлап алып балдай тәтті ұйқымды,
Көңіліме бір ғажайып күй тұнды.
Қайта ғашық болсам ба екен еріксіз,
Айға ғашық болсам ба екен, сүйкімді?
Соқпағында бұл өмірдің сан қырлы,
Бірде дауыл, бірде атқан таң нұрлы.
Сізді ұнатып қалсам ба екен, не етейін,
Күзді ұнатып қалсам ба екен жаңбырлы?
Сезім шіркін, армандарға бастаған,
Сүйе де алар жүзге жеткен жаста адам.
Жүрегімді сізге ұсынып көрсем бе,
Түнегімді жарық еткен жақсы адам!?
Жапырақтай жерге түсіп қуарған,
Күйге түстім жабырқаулы, жыларман.
Қайта бастап сүрсем бе екен өмірді,
Қайда бастап барады екен бұл арман?
Қайтер едік, сезім шіркін, міз бақса,
Мұны, сірә, ойладық па, біз баста?
Сізді сүйіп қалсам ба екен ертерек,
Қызды сүйіп қалмай тұрып сіз басқа?
Ғажап екен, шын беріліп сүйсең- ай,
Сезім деген қос жүрекке енсе оңай.
Асып өтіп қамалдардан ойланбай,
Ғашық етіп алғам сізді… мен солай…
Өзгешесіз, ұқсамайсыз басқаға,
Махаббаттың жолы неткен асқақ, ә?
Жырым осы сізге арнаған ең нәзік,
Сырым осы, тек ешкімге ашпа аға!
21. Алам десең, сырқатын ал анамның!
Я, Раббым!
Жебеушісі жеті қат Көк ғаламның,
Естимісің, жалынайын саған мың.
Сенен күшті, сенен зорын көрмедім,
Тілеуін бер, қолын жайған адамның!
Сенің ғана қолдауыңнан нәр алып,
Көңілге де мың жұбаныш табармын.
Беретін де, алатын да өзіңсің,
Таға алмаспын ол жағынан саған мін.
Бес күн мынау тіршілікте мың құлап,
Сынағына тағдырдың бір таландым.
Тілеуім бар енді өзіңнен, я, Раббым,
Өзге ештеңе қажет емес маған дым.
Жалынайын, жалбарынып, жылайын,
Құдіреті күшті Аллам, бір саған,
Алам десең, сырқатын ал, анамның,
Берем десең, дауасын бер, жарамның!
Алам десең, сырқатын ал, анамның!!!
Аналар ауырмасын! Балалар жыламасын!
22. Әзіл- шыны аралас
23. Бақыт таңы
Бүгінгі бал күнім- бақыттың нышаны,
Көгімде Күн күліп, өбектеп қарады.
Қолымнан белгісіз күш келіп қысады,
Білмедім қай жаққа жетектеп барады…
Шабыттың бұйырса төрінен бір орын,
Тоқтамай жазармын ал, сосын өлеңді.
Халқыма сыйлар ем содан соң жыр- өрім,
Жүрекке жетердей жағымды, көлемді…
Сағым боп кетпесін дәл осы шақтарым,