Ел Шоңы. Сәскелік шақ. I кітап - страница 18



Ол отырып:

– Әкең солай дес солай жасаймыз

– Мен оған қарсы емеспін. Бірақ Шоң не дейді? Деді Малай. Шоңда жұмысың болмасын, деп шешесі қысқа қайырды.

Жамал Телқозының сәлемін Қарақозыға жеткізген. Олболса Алдажұманға айтқан.

Екеуі шақырып алып Малаймен сөйлескен. Ана жақтан әкесі қайрап жіберген болуы керек. Ол турасына көшкен:

– Шоң алмаса мен аламын.

Қарақозы Шоңды шақырып алып:

– Сен өзің көзге көрінбей осы ауылдан кетші, – деді.

Шоң әкесінің айтуымен бір өзгерістің болғанын білді. Бірақ ол қандай өзгеріс екенін білмеді. Ештеңе айтқан жоқ. Сол күні Жәмкені ертіп алды да екеуі екі салтатпен тайып тұрды. Басқалары Алдажұман ауылында қалды.

Шоң әкесінен қорқып ауылына соқпай Елгелділер ауылына кетіп қалған. Сондабарып жатып алды. Телқозы ашуының басылуын күткен еді.

Алдажұман ауылындағы шаруа ретке келген соң, Қарақозы мен Жамал Малайдың қасында Әлсен бар сол ауылда қалдырып қайтып кетті. Шоңның аузы күйіп қалған Күміс де бірден қабылдады. Малай бар қызыққа батып Алдажұман ауылында жата берді.

Шоңның ойы осы жақтан Жәмкені ертіп алып Ақмолаға тартып кету еді. Бәріне кедергі болып тұрған Жәмке болатын.

Жәмкенің ең жақын туысы Сәтекке Таубай бастаған ақсақалдары салған. Ақыры ол көнген. Жәмкенің оқуына төрт жылқыберді. Таубай Шоңның өз аттарына мініп шапқанына риза болып Кербестінің тұқымынан бір жүйрік тайдыберген еді. Енді ертең Ақмолаға жүрмекші боп отырғанда Телқозыкелді. Баласының Жәмкемен бірге Елгелділер ауылына кеткенін сезген. Елдегілер Телқозыны жақтырмай отырса дабаласы үшін жақсы қарсы алды.

Телқозы Кербестінің тұқымынан бір тайды Шоңға жетектеткенін естігенде қатты қуанды. Елгелділерге ашуы тарқағандай болды.

Телқозы сан сұрап Таубайдан Кербестінің бір тұқымын ала алмай жүрген. Таубайдың мына қылығына риза болды.

Қасында Жәмке бар үшеуі Қараағашқа қайтқан. Содан келе жатқанда Телқозы баласынан сұраған.

– Саған Алдажұман қызының несі үнамады?

– Бұрын көзім көрмеген қызға менің сыртымнан құда түсесіздер. Ондай қыздың маған керегі жоқ.

– Ақымақ-ау, онда менің малым кетіп бара жатыр. Қыз ұнамаса кейін тоқал алатын едің ғой.

– Маған сіз тәрізді екі әйелдің керегі жоқ, бір әйел де жетеді. Тек өзім сүйіп ұнатқан адамды ғана аламын. Онымен қоса қызға мен де ұнауым керек. Бұдан былай сырттан құда түсендіқойыңыз!

Телқозы бұл орысшаоқудың әсері болар деп ойлаған еді. Айтары бар еді, айтпады…

Шоң ауылында тағы екі күн жатып Ақмолаға жүріп кетті. Бұл кезде Малай қызауылында жатқан болатын. Әдеттегіден ұзақ жатты. Шоң кеткен соң бір аптадан кейін келді. Телқозы Малайдың қызкөңілінен де, әкесінің де ойынан шыққанын біліп жүрді.

Шоң сұлтан көңілінен шықты.

Арада екі жылдан астам уақыт өтті. Жәмке Шоңның арқасында оқуға түсіп оқып жатты. Шоң оқуын бітіріп, жұмыс таба алмай әуре болып жүрген. Қанкелдин деген биге аудармашы болған. Ол аудармашы емес, атын жегіп, жолда тамағын істейтін жалшы балаға айналдырып жіберген. Содан одан кеткен еді. Шоң арманы дуанға қызметке тұру болатын. Ол сұлтан Қоңырқұлжа басқарған мекемеге қара қазақ баласының қызметке орналасуы қиын екенін білетін. Сұлтан қара қазақ түгілі төрелердің балларын да таңдап, талғап алатын. Соны біле тұрып Шоң бағын сынап көрі үшін Ауызүйде отырған көмекшісі татарға айтып еді, ол сұлтанға кіріп кетті де тезшықты. Кірсін депті. Шоң сұлтанның бұл тезқабылдағанына таңқала ішке кірді.

Сұлтан отырып сұрады:

– Сені орыс мектебіне тұсірген кім?