Ел Шоңы. Сәскелік шақ. I кітап - страница 26
Арада бір жылға жуық өткенде Қоңырқұлжаның қызы байынан қайтып келді. Шоң енді байқады, сұлтан да, әйелдері де Шоңды өздеріне бұрынғыдан да жақын тарта түскендей. Бірде әйелі Қаниса:
– Шоң осылай жүре бересіңбе, келін түсірсейші, -деген еді.
Шоң бұл сөздің ар жағында қандай сыр жатқанын ұға қалды. Алдында Қоңырқұлжа қызын ұзатқан жерден адамдар келіп кешірім сұрап, сұлтан қызын қайыра алып кетпекші болған. Бірақ ерке қыз көнбей қойған. Сұлтан жерім бар. Енді сонда ұзатамынды айтқан. Жоспарлап қойғандары Шоң еді. Қоңырқұлжаның бәйбішесі осыдан кейін әлгі сөзді айтып отырған. Әзірге олар Шоң да ештеңе айтпай жүр.
Шоң Табристің үйіндегі толған кітаптарын біржола Қоңырқұлжа үйіне көшірген. Күн сайын таңертенгілік, кешкілік сұлтан қызы Шоң жатқан бөлмеге келіп жүреді. Қыз қай уақытта келсе де Қаниса қарсы сөз айтпады. Онымен қоса реті келгенде Қаниса Шоңды сөзге тартып әңгіме қозғайды. Үйленбейсіңбе, үйленбейсіңбені жиі айтып қояды. Шоң мұның ар жағында қандай сыр жатқанын біледі. Оның көңілі бұрынғыдай емес, қызға суыған. Қыз ұнататын әңгімеге бара бермейді.
Сөйтіп, жүргенде ауылдан әкесі келді. Кешкі тамақтан кейін Телқозы Қоңырқұлжаның бөлмесінде отырып, әлден уакытан соң болатын. Келісімен сөз бастаған: – мына сұлтан туыс болайык дейді. Сен оған қалай қарайсын? Әкесінең мынадай сөз естігенде Шоң ренжіп қалды да, турасын айтқан:
– Байдан қайтып келген қатын маған әйел болама?
– Келешегің үшін ал мен білемін, әйтпесе, сұлтан сені жұмыстан қуып жібереді. Онсызда сөз жоқ, сөз саптауынан байкадым. Мына сөзді естігенде Шоң қорқып кетті. Пәлен жылқы беріп, зорға тұрған жұмыстан шығып қалуға болмайды. Онда әкесі ешқашан кешірмейді. Шоңның сөзі таусылып қалғандай болды да, содан кейін сұраған. Біліп отырса да әдейі:
– Қызы қалай қарайды екен?
– Кызы айтқан соң осындай ұйғарымға келіп тәрізді. Бұл аймақта бұған жететін қыз жоқ!
– Телқозы дуан басының қызы болған соң мақтап отырсың ба? Оны байдан қайтып келгенің де ұмытпаныз!
Мінезі де жеңілтек. Онымен тіл табыса алмайтын сияқтымын. Бүгін қосылып, бүрсікүні айрылысып жүрсек несі жақсы!
– Бола берсін. Кейін өзің ұнатқан бір қызды аласың…
– Қызымен айрылысып жатсам сұлтан қалай қарайды.
Сені өте жақсы көреді
– Телқозы менің жүрегім дауаламай тұр, хан тұқымынан шыққан қыз, екінші әйел алғыза ма?
Баласының мына сөзіңде шындық жатқаның біліп
Телқозы ойланып қалды. Көңілі баласының бір әйелмен қалғанын қаламайтын. Бір жағынан баласының да келешегін ойлап отырған болатын. Сәлден сол ол:
– Сенің әйел тілің табуыңа байланасты. Егер оны алдай білсең бір әйел емес, екеуін де аласың. Ана Ыбырай құрлы жоқсын ба, екінші әйел алып отыр ғой. Оның өзінде Алтайлардың ең тандаулы қызын алды.
– Сіз бұл қызды Ыбырай әйелімен салыстырмаңыз. Бұл қыз орысша оқыған. Мұнда жаңа көзқараз қалыптасқан. Ондайға көнбейді. Дегенмен, әлгі сөзден кейін Шоң ойланып қалды да, алайда, әкесінің осы іске араласпауын айтты:
– Сіздің жұмысыңыз болмасын. Мен әуелі Сақыжанның өзімен жақсылап сөйлесіп көрейін. Егер ол екінші әйел алғаныма қарсы болмаса аламын.
Телқозы тұрып айтқан.
– Сен әзірге екінші әйелді айтпа. Әуелі қызды қолға түсіріп алайық. Содан кейін көреміз. Шоң көңілдегісін сұлтан қызына айта алмай жүрді. Дегенмен, Теклқозы Шоңның сұлтан қызын алатына сенімді болатын. Ана жақтан қыз екі қабат болып келген. Содан қызы босанды. Жеңілденіп алған соң қыз қыдыруды көбейтті. Шоңға оның бұл мінезі ұнамады. Бойын алшақтау сала бастаған. Қыз еркелеу еді. Бір күні түскі ас кезінде Шоң отырғанда Сақыжан турасын айтып салды.