Ел Шоңы. Сәскелік шақ. I кітап - страница 34
– Сонда менің үш мың жылқыны төлеуім керек пе?
– Үш мың жылқыны сіз төлемейсіз, осында отырған Тоқалар жиналып төлейміз. – Бұл Аққошқар руының атақты бір байының айтқан сөзі еді. Құттыбайлар тұқымына құдандал еді. Содан кейін осы сөзді айтып отырған. Мына сөз Сапақтың көңілінен шықты. Содан үндемей кеткен еді.
Арада бір жұма өткен соң қайыра Жанкелдінің жетісіне Тоқалар жиналды. Қоңырқұлжа жіберген болуы керек, Қабай жетіп келді. Құдайы біткен соң ол Тоқалардың біразын алып қалып дастархан басында сөз бастады:
– Сұлтанның айтып кеткені жай сөз емес. Айтқан жылқыларды қашан апарасыңдар?
– Сапақ отырып:
– Бұлсұлтанның Құттыбайлар руына ғана қойып отырған кінәсі емес. Бүкіл Тоқаларға Қойып отыр. Сондықтан бес жүз жылқыны мен берейін. Басқасын өздерің ақылдасып беріңдер.
– Ол жағын мен білмеймін. Бірақ сұлтанға берген сөздеріңіз аяқсыз қалмасын. Ертең-бүрсікүнге созабермеңдер. Жылдамдатыңдар! деді Қабай.
Осымен сөз біткендей болды. Ел енді Қоңырқұлжа да айтқанынан қайтпайтынын, Сапақ та көнбейтінін білді. Содан кейін Тоқалар жылқыларды жинап беруге келіскен еді. Бұл сөз Таубай батырдың көңілінен шықпады, өздеріңіз бере беріңдер. Ал мен Қоңырқұлжаға бір жылқы да бермеймін. Алса күшпен Елгелділердің жылқысын айдап алсын. Ар жағы бізде көреміз, -деді.
Дау қайтадан басталып кетті. Дауды Қабай басты:
– Бір Елгелдіде тұрған ештеңе жоқ. Басқаларың берсеңдер болды. Ал, оның еесесін кейін сұлтанның өзі қайтарады, деді болыс.
Бұл сөзінде қорқыту бар еді. Таубай батыр бұған мән бермеді. Сыртқа шығып кеткен болатын. Соңғы кезде қатты ауырып жүрген. Ол кезде қазақ арасында мініп жүрген атын жақсы көретін адамына беретін дәстүр бар еді. Оны шығарып салуға артынан Шоң да, одан кейін Телқозыда шыққан еді. Таубай батыр тұрып сөз бастаған еді:
– Мен де Жанкелді артынан таяу уақытта баратынымды сезіп жүрмін. Сен менің мына атымды көзімдей көріп мініп жүр. Шоңға ат тізгінін ұстатқан еді.
– Тауке, аға, өткен жолы бір тай бердіңіз. Сол жетеді. Мен сіздің мен сіздің мініп жүрген атыңызды алмаймын.
– Бұл Көкбесті тьұқымының ішіндегі ең жүйрігі осы ит. Осыны менің көзімдей көріп мініп жүр.
Шоң да Көкбестінің тұқымына қызығып тұр еді. Бірақ мына қартайған адамды атынан түсіріп алғандай көрінді де:
– Жоқ, Тауке аға, мен алмаймын. Кейін көрерміз.
Таубай Шоңның мына сөзін түсіне қалып турасына көшкен еді:
– Мен өлсем, анау сегіз сары саған бермей қоюы мүмкін. Менің тірі кезімде өз қолымнан ал.
Бұлардың сөзін тыңдар тұрған Телқозы айтқан еді.
– Таукең кім көрінгенге мініпе жүрген атын бермейді. Саған ырым етіп беріп тұр. Таукеңе, мен өзімнің мініп жүрген атымды беремін. Күміс ертоқымды бір жүйрік атын алып келді.
Ақыры Шоң Таубай мен әкесінің айтқанын орындады. Телқозы кетіп бара жатқан Таубайға айтқан болатын:
– Тауке, мен есептеп қойдым. Әр атадан үш-бес жылқыдан келеді екен. Сізге тиесілі жылқыны мен берейін…
Сен Телқозы оны жасама. Олай етсең мен саған өкпелеймін. Баласының өлгеніне пәлен жыл өткеннен кейін құн сұрап тұрған Қоңырқұлжаның мұнысы ешқандай қазақи тәртіпке жатпайды. Бұл бізді басынып жасап тұрғаны…
Маған салсаңдар бір жылқыда бермеңдер, – деген еді Таубай.
Таубай өзінің мініп жүрген атын Шоңға қалдырып, Телқозы берген атты мініп кетіп қалған. Оңаша қалған Телқозы Шоңға:
Сен Шоң мына айғырды маған тастап кет. Билерге салы тұқым алайын, – деді.
– Таукең, сізге биелерге салуға берген жоқ. Маған мініп жүруге бердіғой. Сол жолы әкесінің айтқанын тыңдамай атқа мініп кеткен еді.