Шежірем сыр шертсе - страница 41
–көне түркі тіліндегі «Дүз»(дала) деген сөзден шыққан. Қазақта «құла дүз» деген сөз бар. Ол құла дала деген мағынада. Бір деректе «Жүз» араб тілінде «бөлік» дегенді аңғаартады дейді. Қайткенде де «Жүздің» пайда болуына жүз-жүзден құралған әскерлерден шықты дегенге қарағанда аймақтық ұғым–«Дүз» (Дала) деген сөз қолайлы сияқты. «Жүз»–ойрат тілінде біртұтас нәрсенің бөлігі деген ұғымда. Жүзді Жошы заманында Үйсін Майқы би бөлген деген пікір шындыққа жақын. Себебі сол кездегі тайпалық ұлыстарды басқарған билердің ішіндегі атақ-абыройы мен лауазымы жоғарысы Майқы би еді. Ол Дешті Қыпшақтағы түрік-монғол жұртында мейлінше құрметке, сенімге ие болған адам. Сондықтан оның көзі тірісінде-ақ: «Түгел сөздің түбі бір, сөз атасы Майқы би»,– деген қанатты сөз айтылып жүрді.
Майқы би Шыңғысханды ұлы хан етіп сайлаған 12 бидің бірі және бірегейі еді. Сол себепті Шыңғысханға қадірлі болды. Оның ел билеудегі ақылшысы еді. Кейде Шыңғысхан жорыққа аттанғанда өзінің орнына ел басқару билігін тек Майқы биге тапсырып кететін болған. Шыңғысханнан кейін ол Жошы ұлысының «Дешті Қыпшақ» бөлігін және Жошы әскерінің оң қанатын басқарған.
Мемлекеттік, әскери құрылысты жақсы білген ол сол кездегі «Дешті Қыпшақ» одағының басқару ісін жақсарту мақсатында ұланғайыр жерді алып жатқан тайпалардың ішкі-сыртқы маңызды істерін өздеріне тән жағдайға байланысты шешу үшін биліктің тізгінін бөлісуі–асқан білгірлік және табиғи нәрсе.
Жүзге (аймаққа) бөлу, ондағы тайпалардың ежелден келе жатқан жер жатысының, өмір тіршілігінің, дәстүрлерінің сыбайластығына қарай жүргізілген. Сонымен қатар Майқы би әр жүзге ұран мен таңба және олардың Ноқта ағасын белгілеп берген. Ұран мен таңба жүздер ішіндегі тайпалар мен руларды біріктіріп, олардың одағын нығайтуға бағытталды. Ұлы жүзге және бүкіл қазақ тайпасына Ұлық (Ноқта аға) етіп Жалайырды, Орта жүзге Арғынды, Кіші жүзге Алшынды ұлық етіп белгілейді. Сол сияқты Арғын ішінде Тарақты, Алшын ішінде Тама Ноқта ағалыққа ие болады»,-деген (З.Сәдібеков.«Қазақ шежіресі».Ташкент–Узбекистон. 1994 ж. 126–127 б.б.) және Қазақ Совет энциклопедиясында келтірілген: «Ж-дер бірлестігі көптеген түркі тілдес тайпалардың негізінде бір тұтас қазақ халқының қалыптасуынан бұрынырақ пайда болған да, кейінірек сол халықтың жеке бөліктері есебінде бізге дейін жеткен»,-деген мәтін жолдары біздің жоғарыда айтқан болжам-пікірлеріміздің растығын көрсетеді. (Қазақ Совет энциклопедиясы. Алматы. 1974 ж. 4 т. 521 б.). Сондықтан бұл әкімшілік басқару жүйесін қазақ хандарына алыстан іздеудің керегі болған жоқ. Ол кешегі өздері болмаса да әкелері куә болған, бабаларынан мирас боп айтылып, жазылып қалған Шыңғысханның "Ясысы" сияқты ел, ұлыс басқару жүйесінің ілім-тәлімдері мен тәжірибелері ме дейсің.
Бұл айтқандарымызға Қазақ Совет энциклопедиясындағы «Майқы би» мақаласынан қосарымыз: «М.б. қазақ руларын үш жүзге ( «Жүз»–арабша «бөлік», «бөлім») топтап, Үйсін бастаған бөлікті Ұлы жүз, Қабанұлы Болатқожа бастаған бөлікті Орта жүз, Қоғамұлы Алшын бастаған бөлікті Кіші жүз деп атады. Ноғайлы хандарының бірі, Қызыл Арыстанның баласы Ахметті (Алаша хан) Ұлытауда үш жүздің ханы көтерді (қ. Жүз). Ол ұлысқа кірген 40 руға таңба таратып, таңбаны әр рудың негізгі ерекшелігіне қарай белгіледі. Ұлыста бірінші туды ұстаған Үйсінге «Жалау», ортада жүретін Арғынға «Көз», жауға алдымен шабатын Алшынға «Найза» таңбасын берген. 40 рудың таңбасын жартасқа қашатқан. Таңбалы тас–«Майқы таңбасы», кейін жер атымен «Нұра таңбасы» атанған. …М.б