Тау мен теңіз ертегілері. Үлкен краб - страница 3
Не үшін?
Өйткені Шу мен Ху – уақыт, яғни олар уақыт құдайы.
Біз басында Шу мен Ху бір-біріне кезігу үшін біреуі Оңтүстік Қытай теңізінен Солтүстік Қытай теңізіне дейін, екіншісі Солтүстік Қытай теңізінен Оңтүстік Қытай теңізіне дейін көзді ашып-жұмғанша жетіп келеді деп айттық. Себебі: Шу мен Худың өзі уақыт. Олар қаласа уақытты жылдам немесе баяулата алуы мүмкін. Олар үшін арақашықтық деген ұғым болмайды. Сондықтан Оңтүстік Қытай теңізі мен Солтүстік Қытай теңізі бір-бірінен сонша жырақ болса да, олар өз қалаулары бойынша бір-біріне келіп-кетіп тұды.
Шу мен Ху кенет жетіп келеді.
Шу мен Ху уақытты билейді, олардың уақытқа билік жүргізе алатын қасиеті бар. Сондықтан олар үшін уақыт өте арзан нәрсе болып саналады, олар уақытты өз қалауы бойынша «жұмсай алады». Уақыт оларға мәңгі таусылмайтын нәрсе болып сезіледі, олардың уақыттан жалығатын себебі сонда.
Осы сәтте ғана Шу мен Ху кенеттен Хаосқа тек уақыт жетпейтінін түсінді. Яғни Шу мен Хуға сарқылмайтындай сезілген уақыт, Хаосқа жетіспейтін еді.
Егер Хаостың аузы, мұрны, көзі мен құлағын бітеп қойса, онда Хаос қайта тірілер ме еді?
Біз білетін Хаос қайта тірілді.
Шу мен Ху Хаостың ішіне кіріп, саңылауларды бітеуге кірісіп кетеді.
Тез әрі шапшаң.
Шу мен Ху кенет жетіп келеді.
Хаос қайта тіріледі.
Шу мен Ху Хаостың саңылауын бітеу жұмысын аяқтауға аз қалған кезде Хаостың өздеріне арнап дайындаған дәмді тағамдарын соңғы рет рақаттана жеп отырады. Олар Хаосты тез тірілту үшін тамақты асығыс-үсігіс жегендіктен, тамаққа қақалып-шашалып, ықылық атып, Хаостың саңылауын бітеуге қайта кіріседі.
Сөйтіп, біз өмір сүріп жатқан мына әлем Хаостан тұрады.
Хаос әлемге айналды.
Шу мен Ху уақытты білдіретін «кенет» деген сөзге айналады.
Сөйтіп, уақыт құдайлары ретінде, адамдардың ойында олардың ныспысы ғана қалды.
Уақыт өлмейді, ол мына маған айналып кетті.
Менің атым Иемин3.
Мен уақыт құдайынан жаралғанмын. Мұны айтқаным орынды, оның еш өтірігі жоқ.
Менің атым не үшін Иемин болды?
Оның өзі бір қызық әңгіме. Иемин деген сөз ықылық атқанда шығатын дыбысты білдіреді. Бір ықылық пен келесі ықылықтың арасы бір секунд. Сағаттың тық-тық еткен дыбыстары сияқты.
Естідің бе? Уақыт зулап өтіп жатыр.
Тық-тық, тық-тық…
Түпнұсқаға сілтеме
1. «Чжуан-цзы» деген кітаптың «Индиван» деген тарауында: «Оңтүстік Қытай теңізінде Шу дейтін тәңір, Солтүстік Қытай теңізінде Ху дейтін тәңір бар, ал осы аталған екі жердің ортасында Хаос дейтін тәңір бар. Шу мен Ху Хаосқа келіп бас қосып тұрады, Хаос оларға ас-су дайындап береді. Шу мен Ху оның бұл жақсылығын ақтау үшін басы-көзі жоқ Хаосқа көмектесіп, оған көз, ауыз, мұрын, құлақ жасап бермекші болады, олар жеті күн дегенде бұл жұмсты бітіреді. Хаос аузы, көзі, мұрны, құлағы болған күні өліп қалады» деп жазылған.
2. «Таулар мен теңіздер классикасы: Ішкі теңіздер» деген еңбекте: «Су құдайы Гунгуннан топырақ құдайы Хоуту, Хоутудан Имин туады. Имин екі жылды бір мүшел деп «мүшел қайыру» әдісін ойлап табады» деп жазылған.
3. «Таулар мен теңіздер классикасы: Батыстағы шөл дала» деген еңбекте: «Иемин жердің ең батыс шетінде орналасқан, ол күннің, айдың және жұлдыздардың көріну рет тәртібін басқарады» деп жазылған.
Постскриптум
Бұл – уақыт туралы ертегі.
Қытай халқының уақыт туралы ұғымы өте қызық. Уақытқа қатысты көптеген сөз бар, мысалы, кенет, көзді ашып-жұмғанша, лезде, т.б. Ал бұдан бөлек, Үндістаннан келген буддизмге қатысты сөздер де кездеседі. Мысалы, кльпа, сәт, лезде, кшана, лезде…