Тау мен теңіз ертегілері. Үлкен краб - страница 4



Иемин – «Таулар мен теңіздер классикасында» кездесетін уақыт құдайының аты. Бұл ертегіні Иемин айтып отырғандай болады.

Маған «Иемин» деген сөз ұнайды.

Мен кейбір ерекше немесе жалпыға ортақ сөздерге назар аударғанды жақсы көремін.

Бұл ертегіде адам баласының «жалғыздық» сезімі туа бітеді деген тақырыпты ашып тұрған жоқ па? Сондықтан адамдар байланыс жасауды, мұң-шерін біреуге айтуды, бір-бірімен жақындауды қалайды.

Бұл ертегіде үш еркектің (құдайдың) арасындағы достықты баяндайды.

Бірге өмір сүруге, бірге өлуге дайын.

Шу мен Ху Хаосқа ауыз, көз, мұрын, құлақ жасаймыз деп өлтіріп алады.

Артынша Шу мен Ху Хаостың саңылауына кіріп, оны бітеп Хаосты тірілтеді. Өйткені шухудың өзі уақыт болатын.

Уақыт болған соң, Хаос өлмейтін болады.

Үлкен краб


– Ол қашан болып еді?

– Осыдан екі… үш күн бұрын.

– Сен неге есеп беруге келмедің?

– Менің ойымша… – деп, Шаян сарайының жауаптысы Моу Цзян қорыққаннан тілі күрмеліп: – Менің ойымша… – дей береді.

– Сенің не ойлағаның бар?

– Мен құбыжықты ұстап алып, осында әкелеміз деп ойладым… – деп Моу Цзян тізерлеп отыра кетті, Куафудың4 бетіне қарауға батылы жетпей: – Құбыжықты ұстауға жіберген Кентаврларға құбыжық сес көрсетіп қасына жолатпапты, оған жақындауға олардың батылы жетпепті. Сондықтан біз оны көпе-көрнеу жіберіп алдық, – деді Моу Цзян.

Куафу дуал қоршаудың қасына барып, қыш сынықтарын алып қарап тұр еді.

– Құбыжық анау алып аяқтарымен қыш құмыраны таптап сындырып, басып-жаншып қоршаудан өтіп кетті, – деп Моу Цзян тізерлеген бойы Куафудың қасына таяп барып: – Мен осы қоршауды биіктетсем деп жүр едім, жоғарыдағылар қаржы тапшы деп, тиын-тебен бөлмей отыр… – деп сөзін жалғады.

Куафу қоршаудың аласалау жеріндегі құбыжықтың тырнақтарының ізін көріп: – Тікенді сым қоршау неге орнатпайсыңдар? – деп Куафу тырнақ іздерін байқаған заман тікенекті сым қоршау орнату керек деген оймен осылай сұрақ қойды.

– Мәртебелі патшам, тікенек сымнан пайда жоқ! – деді Моу Цзян. Ол жақын маңда тұрған қақпаны, яғни жақтауы темір қаңылтырмен қапталған ағаш қақпаны нұсқап: – Құбыжық анау есіктің өзін шағып кетті… сол күзетшілер осы айдың еңбекақысынан қағылып отыр… – деді.

– Жарайды, түсіндім, – деді де Куафу Шаян сарайынан шығып кете барды.

– Патша, бізге сіздің көмегіңіз керек…

– Алып краб қашып кетті, қашса қаша берсін, оған бола уайымдамаңыз, патша!

– Мәртебелі патша, елдің жағдайын, қарапайым халықтың қамын ойлаңыз, өтінемін!

– Патшасыз ел болмайды, сіз кетсеңіз, біз қалай өмір сүреміз!

– Мәртебелі патша…

Беделді уәзірлер мен әскери шенеуніктер патшаны көндіруге тырысып көрді. Куафу сонда артына қайырылып, биліктің символы болған аса таяғымен жерді тықылдатып еді, жұрт тұрған орындарында үндемей, құлақтарын түріп тұра қалды.

– Бофу, мынау аса таяқты мен сізге сыйлаймын, – деді Куафу салтанатты түрде.

– Бұ не дегеніңіз? – деп, Бофу таңданысын жасыра алмады. Бофу іштей қуанып тұрса да, қуанышын сыртқа шығаруға қымсынды. Аса таяқты қолына алған бойда, екі қолы дірілдеп сала берді. Ол:

– Менің мұндай мәртебеге ие болатындай өнерім де, қабілетім де жоқ қой… – дей берді.

– Сіз енді менің орныма патша болып, билік жүргізетін боласыз, – деп, Куафу өз басындағы айдаһар тәжін шешіп, Бофудың басына өз қолымен кигізіп тұрып:

– «Куафу елі» бұдан былай «Бофу елі» болып өзгереді, ал, міне, Бофу патша болды, құрмет көрсетіңіздер! Бофу, сіз патшалық билікті өз қолыңызға алыңыз, – деді Куафу.