Тау мен теңіз ертегілері. Отқоректі құбыжық - страница 5
Мен оның ынта-жігерін басып тастағым келмейді.
Оның үстіне біздегі деректер дәлме-дәл келе ме? Мұны тексеруге ешқандай мүмкіндік жоқ. Оның өлшеу әдісі қарапайым әрі ежелгі әдіс болғанымен, ол әр қадамын санаудан шаршамайды!
Былайша айтқанда, керек десең, біздің деректі оның деректерімен дәлелдеуге тура келеді.
Оның сапары шексіз әлем сияқты ұлғая береді, ол әрбір қадамын нық та сенімді басып келеді.
– Мұңайма!..8. Біз тағы кездесеміз…9, – деді Шухай ағай.
– Шухай ағай… – деп, мен астыңғы ернімді тістеп жыламауға әрең шыдап тұрмын. – Сіз сәл тынығып алсаңыз қайтеді? Мен сізді ғарыш капсуласына ертіп апарайын. Ғарыштық сусын мен ғарыштық тамақтан дәм татып, демалып қайтыңыз!
– Суық шәй жоқ қой,..2, – деп Шухай ағай қалжыңдады. Оның жүзінен баяғы таныс таныс күлкіні тағы көрдім. – Жұмысыңнан қалма… 3. Бастықтың көзіне түсіп қалма, камера бар ғой! – деп Шухай ағай алыстап кетті, оның қарасы да көрінбейді. Ол бейне сөніп бара жатқан түнгі аспанның жұлдыздары сияқты ғайып болды. «Қош бол!» деп қолымды бұлғап қала бердім.
Түпнұсқаға
сілтеме
«Таулар мен теңіздердің классикасы: Хайвай дун Цзин» кітабында: «Аспан патшасы Шухайға жерді өлшеуді бұйырды. Шухай шығыстағы нүктеден бастап, батыстағы нүктеге дейін өлшеп шығады. Өлшеудің нәтижесі 500 млн тоғыз жүз мың сегіз жүз қадам болады. Шухай оң қолына есептеу таяқшасын ұстап, сол қолымен Цинцю патшалығының солтүстігін көрсетеді. Тағы бір болжам бойынша, Шухайға жерді өлшеу міндетін бұйырған император Юй болатын. Шухай жер шарын 500 млн тоғыз жүз мың сегіз жүз қадам деп есептеп шығады» деп жазылған.
Постскриптум
Шухай ерекше қызық адам. Сызғышты Шухай ойлап тапқан деген аңыз бар. Шын мәнінде Шухайға сызғыштың қажеті жоқ, оның қадамының өзі сызғыштың рөлін атқара береді.
Менің қиялымда ғалам шексіз, сондықтан өз міндетін адал атқаратын Шухай «әлемді қадаммен әлі өлшеп жүр» деуге толық негіз бар. Ол мифтік кейіпкер, ертегі кейіпкері, аңыз-әңгіме кейіпкері болғанымен, менің ойымша, ол өмірде бар кейіпкер. Заманауи технология қаншалықты дамыса да, ол тек өз қалауымен (қадамымен) өмір сүре береді. Мен Шухайдың бойынан қазіргі біздің дәуірде насихатталып жүрген өз ісіңнің білгірі һәм шебері болу рухын байқадым. Өз ісіңнің білгірі һәм шебері болу – бұл берік, қарапайым және табандылықты талап ететін рух. Яғни мықтылық рухы екенін білдіреді. Шухай ылғи да сапарда жүреді, әлемді қадаммен өлшеп шығу үшін табандылық көрсетіп келеді. Мүмкін күндердің күнінде сіздің де онымен кездесіп қалуыңыз әбден мүмкін.
Мигоухуа
гүлі
Мен орманда Мигоухуа3 гүлін іздеймін деп жүріп адасып кеттім.
Бейне ертегідегідей көзіме алыстан бір ағаш үй көрінді.
Мен жүгіріп барып, есігін қақтым.
Үйдің терезесі ашылды.
Бетін әжім басқан әжей:
– Қызым, неғып жүрсің?, – деп сұрады менен.
– Мен… мен мигоухуа гүлін іздеп жүрмін. Мен оны таба алмай қойдым, сөйтіп, адасып қалдым. Айтыңызшы, мына орманнан қалай шығуға болады? – дедім .
– Армандама, сен енді орманнан шыға алмайсың! – деп әжей сөздің тоқетерін айтты. – Былай істесек қайтеді? Маған көмекші керек болып тұр еді. Сен осында қал, үйіңе қайтар жолды табуға өзім көмектесемін, – деді әжей сөзін жалғап.
Мен өз-өзіме «Жоқ, менің үйге кеткім келеді!» дедім де, қаша жөнелдім.
Өйткені мен оның жалмауыз кемпір екенін біле қойдым. Мен қашып келем, қашып келем, қанша жол жүргенімді білмеймін. Бірақ іштей әлгі ағаш үйден алыс кетсем жақсы болар еді, жалмауыз кемпірдің қолына түссем, ол мені жұмысқа жегіп қояды, отын тасытады, картоп аршытып қояды, соңында мені жеп қояды деп ойлап келемін.