Труды II-й Республиканской научно-практической online-конференции «Образование XXI века: проблемы, тенденции и перспективы» - страница 13



Еліміздің мектепке дейінгі мекемелері мемлекеттік стандартымыздығ ұлттық тәрбиемізді негізге ала отырып, оқу қызметін жүгізумен қатар, бала тәрбиесіндегі әлемнің көптеген мемлекеттері пайдаланып отырған үздік тәжірибелі италияндық ағартушы-ғалым М. Монтессори әдісімен жұмыс жасауда. мемлекттік жалпыға бірдей білім беру стандартында қарастырылған бес білім беру салалары М. Монтессоридың әдістемесі бойынша ортаны ұйымдастырумен үндес болып келеді.

Бұл әдістің мақсаты – балалардың табиғи мінезін, қабілетін, тәрбиешінің нұсқауымен емес, өз еркімен тәуелсіздік рухына тәрбиелеу. «Өзімнің жасауыма мүмкіндік бер» дейді мұндағы бала. Педагог әрқашан мейірімді, балаға басшылық ете отырып, бала мен дайындалған дидактикалық орта арасындағы елші болады.

Мектепке дейінгі шақ адамзат өміріндегі ең шешуші кезең болып келеді. Өйткені осы кезде баланың бойындағы табиғи бар дарндылық жан-жақты дами бастайды. Сондықтан осы шақта балалармен анағұрлым жан-жақты дамытушылық әрекеттер жүйелі жүргізілсе, соншалықты жұмыс нәтижелі болады. Міне осыған сәйкес жеке тұлғаны дамытуда Г.С.Альтшуллердің «Тапқырлық тапсырмаларды шешу теориясы» технологиясын республикамыздың мектепке дейінгі мекемелерді қолдауда. Шығармашылықты зеттеген ғалымдардың бірі Г. С. Альтшуллер 50 жылға жуық шығармашылығ тұлға іс-әрекеті заңдылығын зерделеумен айналысты.

Мектепке дейінгі балалық шаққа бейімделген ТТШТ технологиясы баланы шығармашылық тапсырмаларды орындауға үйретеді және оның бойында шығармашылық жүйелі түрде жетелеуге мүмкіндік береді. Баланың шығармашылық потенциялының тұлға ретінде даму мәселесі мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартындағы білім мақсатының біріне жатады. Бүгінгі күні осы Тапқырлық тапсырмаларды шешу теориясының әдістері арқылы мектепке дейінгі балалардың тілдік құзіреттіліктерін, қабілеттерін дамытудағы маңызды орын алатыны айқын. ТТШТ әдістерін дұрыс қолданудың арқасында балалардың шығармашылық қиялы, тапқырлығы, диалектикалық ойлауы жктіледі.

Бүгінгі күннің заманауи білім беру жүйесі үшін өзекті мәселелердің бірі-балаларды ғана емес, педагогтардың да, кәсіби құзіреттілігінің дамытуды қамтамасыз ету. Сондықтан қазіргі кезде облысымыздағы мектепке дейінгі педагогтардың тәрбиелеу мен оқытуда заманауи әдістерін қолдануы, оларға әдістемелік қолдау көрсету – басты назарда. Біліктілікті арттыру жүйесі қоғам сұраныстарына дер кезінде жауап беруге мүмкіндігі бар үздіксіз білімнің ең бір оралымды құрылымдарының бірі.


Пайдаланылған әдебиеттер.

1) «Жаңа технологияларды сабақта қолдану» Ұ. Төлепова «Бастауыш мектеп» №7, 2015 жыл

2) «Отбасы және балабақша» журналдары 2014 жыл, 2017 жыл

3) Дамыту оқыту технологиясы. Бисенбаева Әлия.

Асанова О. Н.

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға бағытталған креативті ойлау тапсырмаларын география сабағында пайдаланудың маңыздылығы

(Назарбаев Интеллектуальная школа

физико-математического направления в г. Алматы)

УДК 373


Бұл – бүгінгі заманда жиі айтылатын сөз. «Креативті ойлауға» түрлі анықтама берілген. Өнімді ойлау, тиімді шешім қабылдау, жағдайды алдын ала болжау, уақыттың өзі талап еткен жаңа идеялар, әріптестік байланысты арттыру, жаңалық ашу, басқарудың жаңа тәсілдерін ойлап табу, стандартты ойлау жүйесінен тыс идея және тағы да басқалар. Мектепте креативті ойлауға үйрету маңыздылығы еңбек нарығының талаптары ғана емес. Мектептер өте маңызды рөл атқарады, себебі мектеп балаларға өздерін өмір сүретін қоғамының бір бөлігі екенін сезінуге және сол қоғамның дамуына үлес қосу үшін шығармашылық ресурстарын түсінуге мүмкіндік береді.