Труды III Республиканской научно-практической online-конференции «Образование XXI века: проблемы, тенденции и перспективы» - страница 7



1) Алшы-асықтың ойыс беті жоғары қарайтын шеттердің біріндегі асықтың орны. Бірінші маңызды позиция.

2) Таике-алшаға қарама-қарсы позиция. Асықтың тегіс беті жоғары қарайды. Екінші маңызды позиция.

3) Бүк-асықтың тегіс орналасуы, оның дөңес жағы жоғары қарайды. Үшінші маңызды позиция.

4) Шік-асықтың тегіс орналасуы, онда ойыс жағы жоғары қарайды. Төртінші маңызды позиция.

Үш қосымша позиция: омпы – асықтың тік күйі, оның астында өткір «мүйіздер» жатыр, шоңқай – омпаға қарама-қарсы позиция, ал қынжы (немесе жантай) сирек кездесетін позициясы-асық өткір қырында тепе-теңдік сақтайтын позиция.



«Асық ату» ату ойынының алаңы

3—6 жас балаларға арналған


Шеңбердің диаметірі: 4м, ішкі 1-ші сызық 1 метір, 2-сі 1,5 метір, 3-ші 1 метір. Дәл ортасындағы сызықтан шеңбер сыртындағы 2-ші сызыққа дейін 2 м, 1-ші сызыққа дейін 4 м.

Мақсаты: балалардың қазақ халқының тарихи-мәдени мұрасына деген құрметін қалыптастыру, сондай-ақ балалардың ептілік пен дәлдікке үйрететін Қазақ ұлттық ойындарын білуге деген қызығушылығын арттыру.

Ойын ережесі:

Ойынның мәні келесідей. 5 немесе 10 адам ойнайды. 20—30 данадан тұратын қой асығы сүйектері жиналады. Бір асық тас қызыл түске боялған (Хан) – деп аталады. Жеребе тасталады, кімге бастау керек. Бірінші ойыншы асық тастарды шағын қапшықтан алып шығады. Шеңбер ішіндегі 1,5 метірлік сызық үстіне 20—30 дана асық тас сүйегін тізіп ұойады, екі асық тас арасы 2 см болады. Алғашқы болып лақтыратын бала бірінші 4 метір қашықтықта лақтырады. Лақтырған бала тигізген жағдайда 2 метір қашықтықтан әрі қарай ойынды жалғастырады.

Алтынбалта А. А.

Ағылшын тілі сабақтарында ақпараттық технологияларды қолдану

(М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, Тараз қ.)


Бұл мақалада ағылшын тілі сабағында ақпараттық технологияны қолданудың маңыздылығы қарастырылған. Ақпараттық технологияларды ағылшын тілін оқыту үдерісінде пайдалану оқушылардың жан-жақты білім алуына жол ашып, мемлекетіміздің үш тұғырлы тіл саясатына сай жақсы, жан-жақты дамыған оқушы иесі ретінде танылуларына негіз бола алады. Ақпараттық білім беру технологияларын оқыту үдерісінде тиімді пайдалану, өз кезегінде, ағылшын тілін оқытудың қарқынын арттыруға бейнелік және теориялық ойлауын дамытуға, оқушылардың ақпараттық қоғамның жағдайларына бейімделуіне ықпал етеді. Ақпараттық технологияларды қолданудың негізгі бағыттары электронды оқулықтар мен интернет технологиясын пайдалану болып табылады, сонымен қатар дүниежүзілік интернет желісі оқушылардың білім өрісін кеңейтуге ықпал етеді.

Түйін сөздер: ақпараттық технология, ағылшын тілі, интернет, электронды оқулық, көрнекілік құралдар, компьютер, коммуникативтік технология.

Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңында еліміздің білім беру жүйесінің басты міндеттері атап көрсетілген. Соның бірі: «Білім беру жүйесін ақпараттандыру, оқытудың жаңа технологиясын енгізу, халықаралық коммуникациялық желілерге шығу» делінген. Бұл міндеттерді шешу үшін, нәтижеге бағытталған білім берудің жаңа жүйесіне көшу үшін әр мұғалім, жеке тұлға күнделікті ізденіс арқылы барлық жаңалықтар мен өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа тәжірибеге, жаңа ақпараттық технологияларға, әлеуметтік, тұлғалық және жеке құзыреттіктерге ие болуы тиіс. Бұл талаптар күнделікті әдістемелік жұмыстың жүйелі түрде ұйымдастырылуы негізінде жүзеге асырылады [2].

Білім беру саласында түрлі технологиялар енгізілуде, бірақ олардың ішінен қажеттісін таңдап, сабақтың әр кезеңінде тиімді қолдану – басты талап. Мәселе технологияларды кеңінен пайдалану емес, мәселе – тұлғаны нәтижеге бағыттай білім беруде. Қазіргі таңда, көрнекілік әдісі мен техникалық құралдарды қолдану әдісін ақпараттық – коммуникативтік технологияның бір өзі атқара алады.