Ел Шоңы. Сәскелік шақ. I кітап - страница 21
Қоңырқұлжада басқа да қара қазақтардан алған әйелдерінің әрқайсысының өз ауылдары бар. Әр жердетұратын. Олардың басқа еркектермен ойнап қоймасын деп күзет қойғызған. Оларды Аөмолаға жуытпайтын. Қара қазақтан алған әйелдің біреулермен ойнап қоймауы үшін күзет мықты еді. Содан олар басқа да біерулермен ойнауға қорқатын. Еркіндік тек Аққағазда болатын.
Қаниса мен Аққағаз екеуі де бір үйде күндестердей емес, апалы-сіңілілердей тұратын. Оларда күндестік жоқ, татулықтары жарасқан апалы-сіңілідей. Шоң оның бәрін кейін білді.
Дастархан басындағы барлық қызметті Аққағаз атқаратын, күтушілеріне бұйрықты дасол беретін.
Шоң мен әкесі кірген соң сұлтан оларды дастарханға шақырды. Анау-мынау адамдарға күйеулерінің оны жасамайтынын екі әйелі де білетін. Шақырғаннан-ақ бұл адамдар бір мықты жерден екенін сезген еді, олар да. Бұлар жайғасқан соң сұлтан әйелдеріне әкесі мен Шоңды таныстырды.
Бұлар Нүра бойында тұратын маған көңілі жақын Тоқа Жангелді Деген кісінің ұрпақтары. Содан кейін бүгін үйге қонаққа шақырып отырмын, – деді.
Сұлтан төрелер мен қазақтардың мықтыларын ғана үйіне шақыратынын екі әйелде білетін. Оның сөзінде алақаныан бірдеңе салғандарды ғана қадірлейтінін сезетін. Екі әйел күйеулерінің осы азсөзінен көп жайды түсініп, мына дамның қолы ашық адам екенін біліп отыр еді. Өйткені, берері жоқ адамдарды сұлтан үйінің табалдырығынан да аттатпайтын. Сол кеңсе жақта шаруаларын реттеп жіберетінін білетін әйелдері. Дегенмен, екә әйел да қара қазақты баласымен қосып шақырғанына таңқалып отыр.
Сұлтан кең отырып, көсіле сөйледі. Тағы да сөзін екі әйеліне арнап сөйледі.
Жанкелді бабаларын сыйлап, соған мына баланы жұмысқа дуанға алдым. Өзім тәрбиелеп өсірмек ойым бар. Орысшаға судай жігіт. Талабы күшті. Амандық болса мынау деген тадам болады. —Мына сөзді сұлтан аузынан естіп, Телқозының есі шыққандай болып отыр еді.
Екі әйел қара қазақтың баласын сұлтан ешқашан жұмысқа алмайтынын білетін. Мына бала бір ерекше жасөспірім екенін әйелдері де түсінді.
Қоңырқұлжаның өзі кәрілікті мойындап қалған дама болса да жақсы күтімнің әсері ме, көзге әлі елудің ішіндей көрінетін сырт адамға. Үлкен әйелі толыға түскенмен, дене бітімінде ешқандай жақсы келгеннің белгісі байқалмайды. Ал кіші әйелі тіпті қыздай. Жаратылысы солай ма, денесінде түйір артықет жоқ. Телқозы оймен шолып, көңіл дүниесіне салып отырған бәрін. Әйелдерге қарап отырып сұлтанның талғамы да жоғары болар деп топшылаған. Телқозы да төре қыздарына құмар еді. Әсіресе, сұлтанның бәйбішесі қатты ұанды. Осындай әйелді құшып жатқан сұлтанның да арманы барма екен, деген деген ойға берілді іштей.
Бұлар дастарханға отырғаннан кейін басқа бөлмеден шығып он бес-он алты жастар шамасындағы бір қыз да дастарханға келіп отырды.
Бұл осы үйдің кенже баласы сұлтанның бәйбішесінен туған Сақыжан еді. Қоңырқұлжаның бәйбішесі де қуланып алған. Сұлтанның емдейтін дәрігерімен ақылдасып, бала таппаудың жолын біліп алған. Мұны Аққағазға да үйреткен еді. Содан Жәніләдән кейін бәйбішесі де, Аққағаз да Шыңғыстан соң бала таппай кеткен. Көп жыл жүріп бәйбішесі ақыры мына қызды тапқан. Қыз барлық жағынан толысып, пісіп отырған кезі еді. Телқозы да өзініңі байқағыш көзімен байқап қалған.
Шоң сырттай, қала ішінен ілуде-шалуда базардан, көшеден көріп жүретін. Бірақ тіл қатысқан адам емес. Қыз Шоңның өзі ұнататын қара торының сұлуы еді. Айтпай-ақ Канисадан туғанын біліп отыр.