Ел Шоңы. Сәскелік шақ. I кітап - страница 22
Іштей ұнатып жүрген қызбен бір дастархан басында отыр. Жақын жреден көргенде Шоңға ол тіптен ғажайып сұлудай болып көрінді. Оның үстіне анау-мынау емес, сұлтанның қызы. Хан тұқымынан екені сұлулығына сұлулық қосқандай әсер қалдырады. Шоң талай қызды көріп жүріп мұндай күйге түспеген шығар. Айрықша бір сезімде отырды.
Әке-шешесінен жасырып, ұрлана қызға қарап қояды. Қыз оны аңғармағандай, мән бермегендей жайбарақат тамағын ішіп отыр. Осыдан-ақ, Шоң қызкөңілінің биікте жатқанын, қыздың ауылы өзіне алыс екенін аңғарды.
Дастархан басына отырғаннан соң Телқозы мен сұлтан арасында жарасымды әңгіме біраз жерге барды. Қоңырқұлжа елдегі адамдардың өзіне көзқарасын сұрады. Телқозы шынын айтты.
Кенесарының көтерілісі кезінде бараз адам соған мойын бұрып еді, бүгінде түзелді. Сізге қазір бәрінің де көзқарасы жақсы.
Мына аға сұлтанның көңілінен шыққан тәрізді. Әңгіменің тиегі енді тіптен ағытылып кеткендей болды. Сұлтан Телқозымен енді тіпті ашылып сөйлесті.
Бұл Нұра бойының қазақтарына өкпем қара қазандай. Кезінде балам Шыңғыстың өліміне осы Тоқалар себепкер болды ғой.
Телқозы оған не айтарын білмеді, бірақ бірдеме деуі керекін түсініп:
Сұлтеке, адамдардың да жаратылысы әртүрлі ғой. Сондай жігітке қолдары қалайбатып барғанын түсінбеймін. Кезінде соған өзіміздің де ішіміз ауырды. Ол балаңыздың хан тұқымына лайықты адам екенін еститінбіз.
Қонағының мына сөзі тілегінен шығып, жақсы көріп қалды үй иесі. Екі әйел де сондай күйде еді. Телқозы аузынан мындай сөзді естігенде Аққағаз жылап жіберді. Шыңғыс туралы сөз болғанда Аққағаздың көзінен жас көрініп қалатын. Сұлтанның дәрігерінің көмегімен кейін жалпы бала таппай кеткен. Содан кейін бала көтерм еген. Сұр бойдақ болып алған. Ал Қанисадан екі бала бар болатын. Жәнілдә мен мына отырған кенже қызы. Сұлтанның басқа қара қазақтан алған әйелдерінен де балалары бар болатын. Алайда, ілуде-шалуда болмаса қара қазақтан туған балаларға оншамән бермейтін сұлтан. Қоңырқұлжаның бар үміті осы төре қызы мен Қанисадан туған бала еді. Қазір сонау Санкт-Петербургте оқи Жәнілдә мен Аққағаздан туған өзі айтып отырған Шыңғыс болатын. Қандарына біткен бе, төре қыздарынан туған баллары мен қара қазақтан туғандарын ала-құла ұстайтын. Қара қазақтан туған балаларын әйтеуір, төре атанып, оларды хан тағына жіберу, сонау Шыңғыс хан заманынан келе жатқан тәртіп еді.
Сұлтан да Қанисадан туған баласын айрықша көретін. Сондықтан Жәнілдәні алыстағы Санкт-Петербургке щқуға жіберген. Ойы білім алып патша маңайынан бір жерден ойып орын табатынына үміті бар болатын. Ал Нұра бойында болыс болып істейтін сұлтанның тағы бір баласы бар. Ол қара қазақәйелінен туған бала. Баланың пысықтығын байқап Қоңырқұлжа оны кішкентай кезінде шешесынен алып Қаниса бауырына салған. Өзінің қара қазақтан туғанын білмейтін ол. Кеміткені ме, Қоңырқұлжа оқытпай он жетіге толған соң болыс етіп қойған болатын. Ағасын оқытып, өзін оқытпағанынана Бекәлі әкесіне ренжіп жүретін. Сұлтанның қара қазақ әйелінен туған Әділ аты баласы және бар болатын. Оның денсаулығы нашарлау еді. Ол Нұра бойында шешесімен тұратын. Ауру болғандықтан оны мазаламайтын. Қоңырқұлжаның қара қазақтан алған тағы екі-үш әйелі болатын. Бірақ олардан туған балларға сұлтан мән бермейді. Сұлтан қара қазақтан алған иәйелдеріне барған күнін қағазға жазып отыратын. Сол қағазда жазған мерзімге келмей туған балаларды өзінікі емеспе санап, мән бермейтін. Қанша күзет қойсада ретін тауып әйелдердің ойнап қоятынын сұлтан да білетін.