Ел Шоңы. Сәскелік шақ. I кітап - страница 29



Алғашқы кездегідей емес, Шоң сұлтан кабинетіне еркін кіретін. Қоңырқұлжаға ауылдан келген суық хабарды жеткізгенде, Шоң сұлтан күтпеген сөз айтқан еді. Мен де барамын. Тоқаның тәуірі Жанкелдіге топырақсалу менің міндетім, -деді.

Шоң оның мұнысына таң қалды. Қала іргесінде тұратын төрелер қайтыс болғанда да бара бермейтін. Таңдап, талғап бірен-сараңына ғана баратын. Шоң әкесінің берген малдарына риза болып жүрген соң бармақшы шығарға болжаған. Оның үстіне өзінің қызметіне де көңілі толып жүргенін білетін Шоң.

Қоңырқұлжаның бір әдеті, жүрер алдында баратын жеріне хабаршы жіберетін. Бұлжолы да сүйтіп, бір татарды салт атпен жіберген еді. Оған айтты, жолда болыс Қабайға менің келе жатқанымды хабарлап кет деп айтқан болатын. Алдында ғана Бекеәліні Карбышев дейтін губернатордың Ақмоладағы өкілінің көмегімен Омбыға оқуға түсірген еді. Оның орнына Қабай дейтін төрені қойған.

Түс ауа Шоң екеуі пәуескемен шыққан еді. Бесіндікте аса шапшаң жүріспен жүріп, Көбетейде тұратын болыс Қабай ауылына келді.

Бұл ара сұлтанның өзмекеніндей болып кеткен. Оның әкесі Құдайменде Сарысу бойынан көшіп келе жатқанда жолдаөліп, Қоңырқұлжаның Көкшетаудағы төрелерге жақындау үшін Нұра бойындағы Ахмет ауылына қоныстанып, ондабіраз отырып Ақмола бекінісінің іргесіне келіп қоныстанған еді. Есау Карбышевпен келісіп Томскіден ұлықсат алған. Содан соң тура бекініс ішіне келіп қоныстанған. Содан шаруашылығы да дамып өсе берді. Иван Карбышевпен тіл табысып, жақсы дос-жолдас болып кеткен. Кенесары жеңілген соң, ақыры бағы жанып, бекініс қалаға айналған. Дуан құрылды. Оның билігін жоғары жақ Құдаймендинге берді. Соның атағы өсіп, ел арасныда беделі өсіп өрлей берді. Сұлтанның ақ дегені алғыс, қара дегені қарғыс еді. Баласы болмай Омбыға оқуға кеткен соң, ол кезде болыстыққа көбіне төрелер сайланатын. Тоқалардың талайлары болыс болуға талпынып малдарын әкеп бберіп жатса да Қоңырқұлжа олардың малдарын алып, уәде беріп шығарып салатын. Ақмола түбінде тұратын Қабайды өзі келіп сайлап кеткен еді. Болыстың қазіргі тұрағы осы Көбетай ауылы болатын.

Қоңырқұлжаның келетінін татардан естіп Қабай да жаны қалмай дайындалып жатыр екен. Ауылдан шалғайлау Нұра өзенінің жағасына екі-үш киіз үй тігіп тастаған.

Қонырқұлжа жергілікті билердің, байлардың бірін де жуытпасынды татардан айтып жіберген еді. Болыс ешкімге дуан басы келе жатканын білдірмеді. Жергілікті билер естісе жиналып ананы, мынаны айтып миын жейтінін білетін Қонырқұлжа. Содан кейін осылай жасаған еді. Аға сұлтан қызмет көрсететін, тамағын жасайтын, төсегін салуға қыз-келіншіктерді ғана шақыртыпты. Мал сойылды. Үш-төрт қыз-келіншектер дастархан жасап қызмет көрсете бастады.

Сұлтан қай жерге бармасын, жергілікті билер, болыстар қасына қыз әкеп салып беретін. Хан тұқымы Қоңырқұлжа бұағн жас кезінен әбден үйренген. Шоң дуан басымен жүргенде оны көріп, біліп жүрген еді. Бұл әдетке айналған шаруа екенін біліп алған.

Бұлар келісімен дастархан жасалды. Қымызкелді, алдымен. Дастархан жасап жүрген сүйріктей екі сұлу қыз. Шоң олардың бүгін сорлайтынын біліп отырған. Көңілде аяныш бар, бірақ айтарға тіл жоқ. Екеуі де осы маңдағы ең сұлу қыздар болатын. Шоң олардың бүгін сорлайтынын біліп отырған. Көңілде аяныш бар, бірақ айтарға тіл жоқ. Екеуі де осы маңдағы ең сұлу қыздар болатын.

Сұлтанның сонау жас кезіндегі көңіл-күйі жоқ. Қыздар жағына онша көп қарап отырған жоқ. Өйткені, тілек бар да, шама азайған. Мына келіп қалған кәрілік бойдағы қуатты алып кеткендей еді. Енді ойы мына жас жігіттің қасына бір қызды салып беріп, өз бойындағы құмарлықты ояту болатын. Тамақ ішкен соң қасында Қабай мен Шоң бар сұлтан тысқа бірге шықты. Былай шыққан соң Қабайға айтқаны: