Ел Шоңы. Сәскелік шақ. I кітап - страница 30
– Қабай сен бара бер, қалған шаруаны өзім реттеймін…
Қабай кетіп қалған. Екеуі даладаәлгінде ішкен тамақтарын таратып біраз жүрді. Арада біразуақыт өткен соң аға сұлтан Қоңырқұлжа Шоңға:
– Сен барып біліп келші. Ана қыздар төсекті салып болып па?!
Екеумізге арасын жақындатып төсекті қатар салсын.
Сұлтан қай жерге бармасын, зыдарды жеке алып киіз үй ішіне жататын. Бүгінгі ойы басқа. Шоң оның бұл қылығын түсінбеді.
Сұлтанның ойы Шоңға қарап ұйықтап жатқан сезімді ояту болатын. Шоң киізүй ішіне кірсе екі қыз екі жерде арасын жақындатып төсекті салып қойыпты, алдында Қабайдың айтуы бойынша екеуіне төсекті қатар салып қойған еді, енді нұсқау күтіп отырған олар. Мына тез берілетін қыздарға Шоңның ызасы келді. Оны сыртқа шығарудың жолын білмей сәл тұрып қалып, ашуы ойнап кетті де былай деді:
– Қазір көзге көрінбей кетіңдер!
Түкке түсінбеген қыздар кетіп қалған. Бұл қыздар осы маңайдағы Тілендердің ең сұлу қыздары болатын. Қабайдың оларды аға сұлтанға тамақ істеп береді деп шақыртып алған. Болыс айтқан соң ата-аналары қыздарын жіберген. Шоңға қыздардың мына отырысы ұнамады. Оған өздері қалап отырғандай көрінді. Іштей қыздарға ренжіп қалған. Шоң мұның арты ертеңгі күні біреулер арқылы әке-шешесіне жетсе үлкен дау болатынын біліп тұр еді. Сұлтанға сөз айта алмайды. Телқозының баласы біздің баламызды зорлап кетті деп айтуы мүмкін. Мұндайда арты неше түрлі сөз болады. Тілендердің қандай сөз шығаратынын білмейтін. Әйтеуір, өзінің бүгін бір жаманатқа қалатынын сезіп отыр. Содан кейін Шоң әлгі сөзді қыздарға айтқан болатын.
Түгіне түсінбеген екі қыз сасып қалды да, тұра жөнелді. Шоң сыртқа шығып серуендеп жүрген сұлтанға айтқан:
– Аға төсек дайын болды!
Сұлтан ішке кірген. Төсек салулы тұр. Екі қыз жоқ. Қыздар қайда деді. Шоң жалған сөйледі.
– Аға мен білмеймін. Мен келсем олар жоқ.
– Әлгі Қабай жөндеп айтпаған ғой. Атшыны жіберші
– Аға түн ішінде қыздарды іздеп жүре ме, қажеті жоқ
– Менің әйелген онша шабытым келіп тұрған жоқ. Сен үшін жасатып еді.
– Аға, маған қажет емес!
Сұлтан таңқала Шоңға қарады да:
– Сен өзің нешеге келдің?
– Он алтыдан асып барамын.
– Осы жаста жігіт жалғыз жата ма? Мен сенің жасыңда барған жерде қасыма екі қыз алып жататынмын. Солардың өзін таң атқанша шаршатып жіберетінмін. Қазір ол да жоқ, жас келіп қалғанының белгңсң ме, біреудің өзіне хал жетпей қалатын күндер болады. Сұлтан сол келмеске кеткен күндерін сағынғандай біраз әңгіме айтқан.
– Бұл өмірдің қызығын уақытында көріп қалу керек. Жіберіп алсаң қайтып келмейді. Шоң үндемей жата берді. Сұлтан да жолдан шаршап келген болуы керек, артынша ұйықтап кетті.
Ертеңгісін таңертеңгілік Қабай келді. Қоңырқұлжа одан сұраған:
– Қыздар қайда?
Қабай сасып қалып
– Қыздар түнде осында болған жоқ па?
– Болған жоқ, – деді сұлтан
– Ендеше, мен оларды қазір алғызамын!
– Сен өзің не айтып тұрсың. Қазір біз жол жүреміз
– Сұлтеке, мына ұятты болдығой. Енді қайттім…
– Жарайды, ештеңе етпес. Қайтар жолда дайындап қой. Мені қойшы, талайын көрдік ғой. Мына Шоң жағдайын ойлап едім…
– Шоң осы арадан ерсілі-қарсылы өтіп жүреді ғой. Оның да ретін табармын.
– Кешегі шақырған қыздарың әдемі екен. Соларды шақыр тағы да. Қайтарда бір күн болып кетеміз, -деді Қоңырқұлжа
– Шоң тұрып:
– Қыздардың құда түсіп қойған жерлері бар шығар. Ертеңгі күні ұят болып жүрмесін.
– Олардың ертеңіндене ақың бар. Саған сол қыздарды ал деп отырған ешкім жоқ. Сен әйелді төреден аласың. Бір күннің қызығын көр дегенім ғой.