Ел Шоңы. Сәскелік шақ. I кітап - страница 40



Ыбеке, мен аналарға бастықсияқты көрінбей, әзірге солармен бірге отырайын, – деді.

Ыбырай Шоң аузынан мынадай сөз естіп, тас-талқан болып ашуланды.

Сен өзің қызық жігіт екенсің. Олар келешегі жоқ адамдар. Ал сенің үлкен ертеңің бар. Амандық болса сен осы дуандағы бір деген адам болғалы тұрсың. Сен сондықтан оларға қарама! Менің айтқанымды тыңдап жұмыс істей бер. Олар адал жұмыс істемейді, білімдері бар шамалы. Бұрын Қонекең көңілін тауып жұмысқа тұрып алған. Менің ойымнан шықпаса екеуін де қуамын.

Ыбырай да сұлтан тәрізді Омбыдан келетін қағаздардың бәрін алдымен Шоңға оқытып, ол жаққа кететін қағаздарын жаздыратын. Өзі орысша білмесе де орыстармен жиі қатынасу нәтижесінде орысша жазғандарды бұл да ьтасы тәрізді жақсы ұғатын еді. Енді қандай шаруа болмасын Ыбырай Шоңмен ақылдасып отырып жасайтын болды.

Бұл кезде қазақ жеріне орыстардың көшіп келуі басталған еді. Бұрынғадай бекіністерге емес, енді Ақмола қаласына жақын жерлерге, Нұра бойына да келіпқоныстанып жатты. Соған орай, орыстар мен қазақтар арасында дау-жанжал көбейе берді. Мұндай жанжалға Ыбырайдың өзі бармайтын, өзі сырт қалатын да, сен орысша білесінге салып Шоңдыжі беретін. Шоң да дуан басы саясатын, мінезін түсініп алған. Ертеңгі күні бір мәселені дұрыс шешпесе Ыбырайдың өзін ұстап беретінін сезетін. Сондықтан қандай іс-болмасын әділ шешуге тырысатын Шоң. Ілуде-шалуда болмаса, қандай жағдайда болмасын екі жақты да риза етіп қайтатын.

Ақмолаға жақын, Нұра өзенінің бойына бір топ казак-орыстар келіп қоныстанған еді. Әсіресе, бұл мәселеге байланысты Қорғалжын маңындағы Темештерден көп шағым түсіп жататын. Оларды шабындарына жуытпайтын, тіпті, оларға жақын жерден малдарды суарудың өзі қиындап кеткенін жазатын. Оған дуан басы көбіне Шоңды жіберетін. Ыбырай жүрер кезде Шоңға ананы былай шеш, мынаны олай шеш сияқты бастық ретінде кеңес беріп отыратын. Ең қиыны осы еді. Ыбырай айтқандай бола бермейтін, олай жасаса Шоң даудың тіптен шатасатынын білетін. Шоң қанша дұрыс шешкенімен орыстар, қазақ арасында шу шыға беретін. Бұл жағдай тіптен өріс алып, орыстар арызды губернаторга дейін жазатын. Дау, жанжал өршіп, тоқтамайтын еді.

Қазақтар жер біздікі айтып күш көрсетсе, келгендер бізді патша жібердідеп шіренеді.

Бұл кезде орыстар Ақмола бекінісінде ғана тұрса, енді казак-орыстар өзалдына заемка болып қала маңына қоныстанған. Шоң орыстардың көшіп келуі жиілей бастағанынан қорқатын. Түбінде қазақтан орыс көбейіп кетсе, онда қазақтардың көп нәрседен ұтылатынын іші сезетін.

Жаңа ғана дуанды басқарған Ыбырайға бұл шаруа оңай тимеді. Бірақ ол барлық жауапкершілікті басқа адамдарға жүктеуге әбден шеберленіп алған болатын. Өздері істемей басқаға жүктеу төрелердің қанында бар еді. Шоң тәрізді адамдарға арта салатын. Ыбырай ауырдың үстінен, жеңілдің астымен жүріп жатты. Орыстардың көшіп келуі көбейгелі жоғары жақтан тексерулер де жиіледі. Ыбырай бұндай тексерулермен бармайтын. Көбіне Шоңды жұмсайтын еді. Уақыт өткен сайын қазақ пен орыстардың арасындағы бітпейтін дау көбейе түсті. Тексеру көңілдерінен шықпаса орысы да, қазағы да жоғары жаққа жазып жіберетін.

Ондайдан Ыбырай жаман қорқатын. Мұндай даулардан сырт қалуға тырысатын. Қандай дау болмасын Шоңның өз орнымен шешетініне көзі жете бастаған еді. Сондықтан көбіне соны жіберетін.

Шоң бармаймын деп айта алмайды. Әуеліндегі Ыбыраймен келісімі солай. Шоң түбінде басқа дуандар тәрізді бұнда орыс келетінін білетін. Ал, қазіргі бастық Ыбырай, онымен ақылдаспай шешуге болмайды. Сондықтан да дуан басы көңілінен шығуға тырысатын. Басқа амал жоқ еді. Шоң осылай екі оттың арасында қалғандай. Арманы Омбыға барып оқуға түсу еді. Бірақ Ыбырай қағазынсыз онда қабылдамайтынын білетін. Және түскен күнде артынан жамандап қағаз жазып жіберуі мүмкін. Сондықтан оның айтқандарын орындау керектігін түсінетін.