Ел Шоңы. Сәскелік шақ. I кітап - страница 41
Шоң өкілдерінің көңілінен шықты
Ақмола қаласына жақын Нұра бойына екі заемка казак-орыстар қоныстанғалы дау да, жанжал да көбейіп кетті. Бұлар Ақмолаға жақын жерге алғашқы көшіп келген қоныстанушылардың бірі болатын. Олар жақын жатқан Темештермен жанжалдаса беретін. Көшіп келгендердің біразы Кенесары көтерілісін басуға қатысқан казактар болатын. Сондықтан олар дуан басшылары бізді тыңдауға тиіс деп есептейтін. Жоғарыда отырған басшылар олардықатты құрметтейтін. Олар қалаға жақын осы араны таңдап алған. Патшаға шын берілген адамдар еді. Орыс жерінде отырған помещиктермен көңілдері онша жақсы болмай, осылай қарай сұранған соң жіберген. Оларды қалаға жақын жерге орналасқанын Омбыда құптаған еді. Жоғары жақтың ойлары мен бұлардың мақсаттары бір жерден шыққандай болған. Ертеңгі күні Кенесары тәрізділері көтеріліс жасаса Ақмола қаласын қорғайтын осылар болатынына жоғары жақ сенімді еді.
Әскери қызметті атқарғаннан кейін орыс казактары қалаға жуымайтын. Олар орыстардан бөлек өз алдына заемке болып отыруды ұнататын. Бқл қасиет олардың қанында бар еді. Осылай қала түбінде Романовка, Рождественка заемкалары пайда болған. Казак-орыстардың өздерін әскери тәртіппен ұстайтыны қанда бар еді.
Если вам понравилась книга, поддержите автора, купив полную версию по ссылке ниже.
Продолжить чтение