Сарман алты таңба кітабы - страница 28
– Ерұлан дұрыс айтыпты, маған Батыс орманнан басқа баратын жер жоқ, бізде басқа амал жоқ сияқты, балақай, – деп алдында тыныш ұйықтап жатқан балаға қарап сөйлеп, Батыс орманға қарай шаба жөнелді.
Ал қаладағы шайқас әлі жалғасуда, алайда Ерұлан мен басқалары ыңғайлы орнына қарамастан, олар саны көп жауды алдында ұтыла бастады.
– Олар адам емес, қырыңдар, қырыңдар! – деп Әли айқай салды.
– Қалайша, адам емес? – деп сұрады Ерұлан.
– Саған олар адам болып көрініп тұрған шығар, бірақ шын мәнінде олар адам емес, дәрігерлер мен сарбаздарды ханның сиқыршылары қара сиқырды қолданып жасаған, сондықтан олар адам емес, бірақ біз ханның нағыз сарбаздарымен шайқасқа түспегенімізге қуан, мыналардың орнында солар болатын болса, біздің шаруамыз бітті дей бер, себебі оларды өлтіру мүмкін емес, – деді Әли. Шайқас арасында Ерұлан Әлиге сұрақ та қойып үлгеріп жатты.
– Неге олар бірден әлгі сарбаздарды жібермеген? – деп сұрады.
– Себебі оларды тек бір жағдайда жібереді, жауды толықтай қыру үшін ғана, хан елдегі халықтың күдігін тудыртпас үшін адамға ұқсас сарбаздарын жіберді, оларды адам сияқты жүріп-тұруға үйрету оңай, ал әлгілер… олар адам иеленген түйсіктен жұрдай, сондықтан халық арасында олар жүре алмайды, – деп айтқаны сол еді, Әлидің сол жақ көкірегіне қаңғып келген оқ тиіп, жерге сұлап түсті.
– Әли… – деп айқайлады Ерұлан.
– Мені жайыма қалдыр, сарбаздарды баста, мына сұмырайларды қала сыртына жіберуші болма, – деп ыңырси сөйледі де, кеудесіндегі оқты түбінен сындырып, қайта орнынан>тұрды .
– Олар біздің жанымызды алу үшін келіп тұр, көрсетейік біздің жанымызды алу оларға қанша тұратынын, берілмеңдер! – деп Әли сарбаздарын рухтандырды.
Тарсылдаған қалқандар, бір-біріне шиқылдай соғылған қылыштар және айқайлаған дауыстар қала қақпасының алдында соңғы бір сағат бойы естілді. Ерұланның сарбаздарының саны азая бастады, ал қарсыластары құдды бітпейтіндей көрінді, оның үстіне аяқасты қайдан келгені белгіз, мыңға жуық сарбаз олардың артынан соққы жасады. Бұл жайт олардың рухын түсіріп, тездетіп жеңілуіне бір қадам жақындата түсті. Ерұланның сарбаздары азайған сайын, олардың көзін құрту оңайға түсті, ал енді міне қақпаны қорғап, Ерұлан және Әлимен бірге оншақты жауынгер ғана қалды. Қақпаның жан-жағы жансыз денелер мен қанға малынды, әбден жарақаттанып, шаршаған Ерұлан кез келген сәтте қаруын тастай салғысы келді, бірақ оны бойындағы ашуы тізе бүккізген жоқ.
– Ерұланды өлтіруші болмаңдар, оның шаруасын өзім тындырамын! – деп Дат жарақаттанған иығын ұстай, сарбаздарының арасынан қақпаға қарай жақындап: – Тоқтаңдар! – деп айқайлады.
Мыңдаған сарбаз екі жақтан Ерұлан мен оның он шақты адамын қоршады, олар ентіге дем алып аяқтарында әрең тұр, ал тілініп кесілген жарақаттарының ауырсынғанын, дене қызуынан арқасын да сезген жоқ, қарсыластары тоқтағанымен, оларға садақ оқтарын бағыттады, Дат сарбаздарының арасынан сытыла шығып:
– Осы жерде берілгендерің жөн болар, – деді ол.
– Одан да өлген артық, – деп жауап қатты Ерұлан ызаға толы даусымен. – Сен не деген аяныштысың, тек сарбаздарыңның көлеңкесінде тығылып жүретін қорқақсың, олармен бірге бір сапта тұрып шайқаспайсың… мен саған айтар ештеңем жоқ,– деп Ерұлан қолындағы семсерін екі қолдап қысып ұстап, жауларына қарай бағыттады. Оның тілім-тілім болған қолынан қан мен тер араласа тамды, ал оның жүзіне шашыраған қаннан бетінің ашық жері қалмаған. – Сендер сияқты жаужүрек жауынгерлермен бір сапта тұрып шайқасқан мен үшін үлкен мәртебе, – деді ол жанындағы сарбаздарына: