Шежірем сыр шертсе - страница 54



адайынан тарайтын еңбегімен елеулі іскер түлек.

Ал Жетіру: Табын, Тама, Кердері, Жағалбайлы, Керейіт, Тілеу, Рамадан деп аталатын жеті атадан тұрады. Еліміздің әнұранын жазған, халқымызға кең танымал, атақты әнгер, сазгер Шәмші Қалдаяқов осындағы жағалбайлы түлегі. "Сұрасаң руымдыЖағалбайлы, Жылқысын көптігінен баға алмайды. Жылқының көптігінен бұл Шәмшіңіз, Мінуге қотыр тай да таба алмайды",– деген әзіл-оспақты жыр жолдары оның өз аузынан жазылып алынған шумақтар (Нармахан Бегалыұлы. Төрт тараптан түскен нұр. Егеменді Қазақстан газеті. 3 б.).

Ел ішінде ежелден аға баласының ұрпағы деп саналып, алдымен аталып жүргендіктен, сосын өзіміз де осы Әлімұлынан болғандықтан әңгімемізді осы Әлімұлы ру-тайпалар одағын талдап, тарқатумен жалғастырғанымыз жөн сияқты. Қазақ Совет энциклопедиясында Әлімұлына мынандай анықтама беріледі: «ӘЛІМҰЛЫ–Кіші жүз құрамындағы рулар одағы. Кейде «Алты Әлім» деп те атайды. Оған кіретіндер: Қарасақал, Қаракесек, Кете, Төртқара, Шөмекей, Шекті. 19 ғ-дың аяғы мен 20 ғ-дың басында Шөмекей, Шекті, Қаракесек, Төртқара рулары Орал, Торғай обл-тарын, Сырдария обл-ның Қазалы, Перовск уездерін, ҚарасақалҚазалы маңын, Кетенегізінен Бөкей ордасын, Орал обл. мен Ақтөбе уезін мекендеген. Ә-ның таңбасыАлшын таңбасының қосарланып өзгерген түрі() (Қазақ Совет энциклопедиясы. Алматы. 1973 ж. 2 т. 38 б.).

Осы ретте шежірешілер аузында жиі айтылатын «Әлімұлы» түсінігін «Алты ата Әлім» атауымен шатастырып алмау керектігін айтып кеткіміз келеді. Өйткені алғашқысымен «Әлімұлы» одағына кіретін ру-тайпалар санының алтау екендігі көрсетілсе, кейінгісімен Әлімнен тарайтын ұрпақтың алтау екендігі меңзеледі. Жұрттың шатасатындығы «алты» сандарының бір-біріне сәйкес келіп, қайталап келіп тұрғандығы. Жұрт дейміз, ғалым, шежірешілеріміздің өзі кейде «Алты ата Әлім» туралы айтып келе жатып, «Әлімұлы» одағы жайлы әңгімеге ауысып кеткенін байқамай қалады. Мәселен, ғалым, зерттеуші А.И.Левшин (1798–1879) мен Абайдың немере інісі, баршаға мәлім ақын, жазушы, ағартушы Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858–1931) Әлімұлын: Қарасақал, Қаракесек, Төртқара, Шөмекей, Шекті, Кете деп таратса, ал ақын, жырау Қолдайбекұлы Ерімбет (1850–1911) оны: Жаманақ (Шекті), Қарамашақ (Төртқара), Айнық (Қарасақал), Ұланақ (Қаракесек), Тегінболат (Қарасақал), Тайқожадан (Ақ кетеден) тұрады дейді (Интернет. Ру (род) – Шомекей / История происхождения рода / Asekbook Ас Кос. 29.03.2011. Просмотров (10032). Метки: история происхождения рода). Соңғысында, көріп отырсыздар, Шөмекей аталмайды. Сөз жоқ, онда әңгіме Әлімұлы жөнінде емес, Алты ата әлім туралы болып отыр. Алты ата әлім мен Әлімұлын, біздіңше, шатастырып отырған тіпті Ерімбет жырау емес, оның сөзін жаңылыс көшіріп жазушы кейінгі зерттеушіміз бе дейміз.

Жоғарыда айтып кеттік, тағы да айтамыз. Қызығы сол, сонау кездерден бастап, осыған дейін бірде-бір зерттеуші, "ішің білсін әлу-ай" демекші, өз еңбектерінде осы екі атау-түсініктің жұрт арасында дау-дамай туғызып жүрген осы айырмашылығын атын айтып, ара жігін ашып, дұрыс түсіндіріп бере алмай келеді. Нәтижесінде күні бүгінге дейін өздерін де, өзге оқырмандарын да адастырып жүр. Сондықтан, өз шежіремізде алғаш болып осы мәселенің басын ашып, тігісін жазып берсек дейміз.

Бірлестік атауын шежіре, деректерде қатар айтылып жүрген «Алты ата Әлім» түсінігімен шатастырмай, ажырата білуіміз үшін оны әрқашан осылай,