Шежірем сыр шертсе - страница 55



деп атағанымыз оңтайлы да дұрыс сияқты. Керек десеңіз, М.Тынышпаев жоғарыдағы еңбегінде бірлестікті «Әлімұлы» емес, "Қаракесектобы" деп атаған жөн дейді. Сөзінің қисынды болатын себебі Әлімнен тарайтын алты ұл да, Шөменнен өрбитін Шөмекейлер де, кетелер де, бәрі бір ортақ ата Қайырбай-қаракесектен тарайтыны белгілі.

Мұның дұрыстығын тарихшылар С.Асфандияров, С.Толыбеков, О.Миданов, зерттеуші К.Салғарұлы, шежіреші А.Ахметовтар құптап, қуаттайды. Бірақ ертеде жазылған бүкіл дерлік шежіре, жазуларда бірлестік «Әлімұлы» деп аталып кеткесін шара бар ма. Бірлестіктің «Әлімұлы» аталуы оның негізін сол кездері абырой-атағы асқақтап тұрған әулеттің үлкені Әлім ата құрғандықтан, бірлестікке алдымен соның ұрпақтары кіріп, саны жағынан олардың өзгелерден басым болғандығынан деп санаймыз.

Әлімұлы бірлестігіне Әлімнің Ұланағы–Қаракесек, Жаманағы–Шекті, Қарамашағы–Төртқара, Айнық пен Тегінболат ұрпақтары–Қарасақал, ал оның Кетебикеден туған Тайқожасы мен осы анадан дүниеге келген Байсарының Бозаншары және әкесі асырап алған Сәду (Ожырай), сонымен бірге Шөменнің Түменқожасы төрт аталық Кете деген лақап аттармен енеді. Ал алтыншы болып, Шөменнің бәйбішесінен туған Шөмекей атымен оның 4 ұлы: Аспан, Бозғыл, Тоқа, Көнек кіреді деп мәселенің басын ашып, кесіп айтпақпыз.


ТЕГІМІЗДІ ШӨМЕН БАБАДАН ТАРҚАТУ КЕСТЕСІ

Г.Спасский жазбаларында желдер–джидлер, тоқалар–туки, ал көнектер– куняки деп орысшаланып беріледі.




2-кесте




3-кесте


Алдияр мен Сарт – бір ата. Сарт–Алдиярдың лақап аты дейтін де деректер бар.




4-кесте




5-кесте


Сондықтан «Алты ата Әлім» немесе «Алты Әлім» дегенде Әлімнің өз белінен тарайтын балалары Ұланақ, Жаманақ, Қарамашақ, Айнық және Тегінблат, Тайқожаны айтамыз да, ал «Әлімұлы» дегенде кестеге оның Қарасақал, Қаракесек, Төртқара, Шекті деп лақап аттармен бірігіп кіретін аталықтары, ал бесінші болып кете деп бір атаумен ныспыланған Кетебике анадан тарайтын ұрпақтар, ал алтыншы болып бұл кестеге шөмекей деген атпен одан тарайтын, жоғарыда аталып кеткен төрт–Аспан, Бозғыл, Тоқа, Көнек аталары енетіндігін айтамыз.

Шөмекейді бұлайша бір ата емес, төрт ата деп беруіміздің себебі бар. Өйткені әйгілі Әйтеке би шежіресінде осылай деп айтылады. Онда «Әлімұлы» бірлестігіне «Алты ата Әлім, төрт ата Кете, төрт ата Шөмекей кіреді»,деп анық жазылған. Бұл 1680 жылы Түркістанда Қожа Ахмет Ясауи мешітінде билер мен ру басылары, батырлардың қатысуымен өткен, Тәукені ақ киізге көтеріп хан сайлайтын үлкен жиында кіші жүздің төбе биі Әйтекенің алты ата Әлім, төрт ата Кете, төрт ата Шөмекей, он екі ата Байұлы, мен жеті ата Жетірудың атынан 33 шарды толық салдыртып, Тәукенің Қазақ хандығы тағына отыруын қуаттаған ісінен де анық көрінеді (Қойшиев Өтеген Әбілдәұлы. «Тұлға». «Мұсылман» жұрналы. № 2. 2008 ж. Алматы. 9 б.).Шөмекей атадан тарайтын төрт ұрпақтың Әлімұлы бірлестігі құрылмастан көп бұрын болғандығы жөніндегі деректер де бұл ұстамның дұрыс екендігін аңғартады. Бұл туралы, әлбетте, Әйтеке би мен Шөмекей тарихына жеткенде жеткізе айтып кетеміз. Демек,


Алты ата Әлім


дегеніміз азан шақырып қойған аттары төмендегідей аталар


1.Ұланақ

2.Қарамашақ

3.Жаманақ

4.Айнық

5.Тегінболат

6.Тайқожа


Әлімұлы


дегеніміз бірлестікке лақап аттарымен кірген төмендегі ру-тайпалар:


1.Қаракесек

2.Төртқара

3.Қарасақал

4.Шекті

5.Кете

6.Шөмекей


Бірақ осы жерде басын ашып айта кететін бір жайт бар. Алты ата Әлім құрамы сандық жағынан өзгермегендігімен ондағы аталар аттарын кейбір шежірешілер кейде әртүрлі етіп беріп жүр. Мәселен сыр ақыны Әлиакбар Жұматайұлы