Тау мен теңіз ертегілері. От құдайы Чжу Жун (Zhu Rong) - страница 7
Мәселен, ұшатын жәндіктер сияқты жыланға қар-сы пікір айтқандар да болды.
Ұшатын жәндіктер кіп-кішкентай, олардың түрі өте көп. Олар өз ұстанымдарын білдіру үшін іштерінен өкіл сайлап үлгереді. Әлгі сайланған өкіл бетін сипап, қа-наттарын жайлап қағып, аяқтарын ысқылап:
– Омыртқалылар немесе омыртқасыздар, сүтқо-ректілер немесе сүтқоректі еместер, құстар немесе аңдар, тіпті жәндіктер болсын, әйтеуір ұша алатын бол-са болды, адамдардың мінісіне жараса болды, одан асқан мәртебе болмайды деп ойлаймын. Әйтпегенде,ұшудың не пайдасы бар? – дейді.
Ұшатын жәндік бұл сөзді еш ойланбастан айта са-лады. Ойына не келсе соны айтады деген осы болар. Ұшатын жәндіктердің мініске дайынбыз дейтін себебі – оларға міне қоятын ешкім жоқ. Қалай мінуге болады?Кіп-кішкентай жәндік тұрса, оны тек Цзунрэн (кішкен-тай адам) ғана мінбесе. Цзунрэндердің үлкендігі күн-жіттей. Бірақ олардың өзі ұшатын жәндіктерді шуыл-дақ деп менсінбейді. Ұшатын жәндіктер қанат қағып ұшқан кезде қатты ызылдаған дыбыс шығарды… бұл дыбысқа адамдардың басы ауырып, шыдай алмай-ды. Одан да бақбақ ұсынған тегін парашютті пайдаланған дұрыс, ол тіпті ыңғайлы, жылдам, қауіпсіз әрі қоршаған ортаға зияны жоқ. Оның үстіне цзунрэндер үйлерінен тым алыстап кеткісі келмейді. Олар, әдетте,ұзақ сапарға шықпайды. Тым алысқа кетіп қалса, үй-лерін таба алмай қаламыз деп уайымдайды. Бақбақ парашютіне бір рет мінгеннің өзі оларға өте қызық бо-лып сезіледі.
Жануарлардың пікірі екіге жарылады. Бірі мінуді жақтаса, екіншісі мінуге үзілді-кесілді қарсы шығады. Сөйтіп, дау-дамай ушыға түседі.
– Менің ойымша, адамдар бізді осынша уақыт асырап келеді, мінгенде тұрған ештеңе жоқ. Тек әуе қозғалысы ережелерін сақтаса болды. Бірақ мас күй-інде көлік жүргізуге қатаң тыйым салынады, – дейді ұшпа тас.
Ұшпа тас дегеніміз – ұша алатын тас.
Мұндай тас өскенше ұзақ уақыт үйде баптауды қа-жет етеді (өйткені, ол – тас, саңырауқұлақ емес, әрине,баяу өседі). Ұшатын тасты мініске жарату үшін сегіз ұрпақтың баптауынан өту керек, сонда барып мініске жарайтын болады.
Бұған көп адамның шыдамы жетпейді. Өзі лас, өзі кіп-кішкентай тасқа ұзақ уақыт күтім жасап, тек оны жуып-шайып, сылап-сипап отыру керек. Оған үнемі әлди әнін айтып, ерте тұрып мөлдір шықтан нәр алуына, күн нұрына шомылуына мүмкіндік жасау керек. Онымен қой-май, жынды адамша тасқа қарап: «Балам, құлыншағым,мен сені жақсы көремін, мен сені шын жақсы көремін… өсе ғой, тез, тез өсе ғой! Өскен соң, маған мінгізетін бол…» деп күбірлеп сөйлеп тұру керек. Мұны түсінбейтін, білмей-тін адамдар «мынау жынды ма?» деп шошып қалады.
Ұшатын тастың пікірін тыңдайтын құлақ болған жоқ.
Оның пікіріне құлақ аспағандары былай тұрсын,өзін жиналыстан қуып жібереді. Себебі ол тек ұшады дегені болмаса, жануар не жәндік емес, ол – тас. Оның жиналысқа қатысатын құқығы жоқ. Оны ешкім шақырған жоқ, өзі кіріп алған, сол себепті оны қатардан қуу керек болды.
– Тас екеш тастың пікір білдіруге қандай қақысы бар, а?! – деп, ұшатын жылан жақтырмаған сыңай танытты.
– Ал мен сендердің араларыңа жайдан-жай келген жоқпын, ресми шақыртумен келдім. Оның үстіне, мына отырған сіздерге шақыртуды мен жеткізіп бердім. Менің еңбегім бар, сол себепті пікір білдіруге құқым бар шығар? – деді желаяқ.
– Әрине! Біз сенің пікіріңді тыңдауға дайынбыз!Сен бізге курьерсің, көктің хабаршысы – сенсің, қарсы емеспіз. Оның үстіне, сен ұша аласың, тіпті адам болсаң да бәрібір, өйткені сен ұша аласың. Адам деген де хайуанның бірі, оның деңгейі Құдайға жетпейді, ал бізден жоғарылау. Сайып келгенде, ол да хайуан… –деп қостай кетті отырғандар.