Тау мен теңіз ертегілері. От құдайы Чжу Жун (Zhu Rong) - страница 8



– Қолдау білдіргендеріңізге рақмет! «Ұшатын жануарларды адамдар міну керек пе?» деген сұрауға мен де мардымды жауап таппай тұрмын. Дегенмен,өз басымнан алып айтатын болсам, мені адамдар көп міне бермейді. Бірақ кейде адамдарды мінгізіп алатын кездер болады. Мәселен, біреулердің жарақаттанып қалғанын кездейсоқ көріп қалсам, дәрігерге арқалап жеткізіп тастаймын. Көпірді тасқын су алып кеткен жағдайда қариялар мен балаларды қауіпсіз жерге апарып тастауға да дайынмын. Бұл деген адамдықтың белгісі, бұл туралы көп айта берудің қажеті де жоқ. Менің негізгі міндетім – хабар жеткізу. Мен өз ойымды жинақтап жеткізе алмадым ғой деймін. Одан да ұшатын жануарларды міну керек пе, жоқ па деген сұрақ жөнінде Фэйхуанның пікірін тыңдасақ қайтеді? деді желаяқ.

У-шу болып отырғандар назарын бірден Фэйхуанға аударды.

Фэйхуан бағанадан үнсіз, оның не ойлап отырғанын кім білсін.

– Жақсы, дұрыс айттың, ал Фэйхуан, Фэйхуан,қане, сен айтшы?

– Біз бәріміз сізді тыңдауға дайынбыз.

– Неге үндемейсің, өз пікіріңді айтшы? – деп,отырғандар Фэйхуанға қолқа салды.

Фэйхуан тамағын кенеп алып, сөзін бастап кетті:

– Менің інім бар, оның аты Тэнда. Біз екеуміз егізбіз,ол менің сыңарым. Екеуміздің түріміз бір-бірімізге өте ұқсайды, көп ел бізді бір-бірімізден айыра алмай қалады. Менің інім де ұша алады. Бірақ оның атына «ұшу» сөзі жалғанбаған, сол себепті бұл жиналысқа келе алған жоқ. Өте өкінішті. Мен оны осында ертіп келіп, қыдыртып, көңілін көтергім келген еді. Ол қара кешке дейін үйде қамалып отырады. Оны үйге қамап қойған себеп, ол да мен сияқты жүйрік, оның үстіне ұша алатын қасиеті бар, шапшаң. Адамдар оған мінгенді ұнатады. Бірақ ол ешкімді мінгізгісі келмейді. Ол мінген адамды жерге бір қойып құлата салады,құлаған адамдар үстінде мерт болады. Өлмей қалған күннің өзінде комаға түсіп, өлі мен тірінің арасында жатып қалады. Осы адамдардың бәрі жиналып Уци деген ел құрып, өмір сүру үшін жердің астына түсіп кетеді. Бәрімізге белгілі, Уци еліндегі адамдар үңгірлерді мекен етеді. Олар өлген соң, жүз жиырма жылдан кейін қайта тіріледі. Сондықтан олардың алдында ата-бабасы, артында ұрпағы да болмайды. Олар үйленбейді, олар тірі жүр дегені болмаса, өліктен еш айырмашылығы жоқ. Уци елінің тұрғындары менің ініме мінеміз деп осындай хәлге жетіп отыр, яғни олар сәтсіздікке тап болды…

– Ойбой, сондай да болған ба?!

– Енді не істейміз? Ондай болса, сендердің үйлеріңнен кек аламыз деген адамдардың аяғы үзілмейтін болды ғой?

Если вам понравилась книга, поддержите автора, купив полную версию по ссылке ниже.

Продолжить чтение