Труды II-й Республиканской научно-практической online-конференции «Образование XXI века: проблемы, тенденции и перспективы» - страница 17



Мұндай диагностика әдісі стандартталған әдістерді қолдану арқылы тестілеу болып табылады. Негізгі әдістер ретінде мыналар ұсынылады: «Тестілеу процедурасы арқылы жалпы өзін-өзі бағалауды зерттеу» (Г. Н. Казанцева сауалнамасы), М. Розенбергтің «Өзін-өзі бағалау шкаласы», Р. Шварцердің «Жалпы өзіндік тиімділік шкаласы», М. Йерусалем (бейімдеген В.Г.Ромек) және В.Г.Ромектің «Өзіне деген сенімділік» тесті.

Ата-аналармен және мұғалімдермен жүргізілетін жұмыстың негізгі түрі – психологиялық ағарту. Мұндай жұмыс түрінің қажеттілігі бүгінгі күні мұғалімдер мен ата-аналардың психологиялық білімдерінің тапшылығына байланысты. Психологиялық әдебиеттердің болуына қарамастан, көбісі жасөспірімдердің психологиялық ерекшеліктерін, жасөспірімдермен конструктивті қарым-қатынас жасау тәсілдерін және отбасылық-педагогикалық қарым-қатынас пен бағалаудың жасөспірімдерде сенімділікті қалыптастыруға әсері туралы жалпы түсініктерді ғана біледі.

Әңгімелесу және лекция түрінде жүргізілетін психологиялық ағарту түрлеріне тоқталатын болсақ:1) жасөспірімдерге олардың психологиялық қиындықтарының көздері мен себептерін қолжетімді түрде түсіндіру; 2) тұлғалық дамудың өмірдегі маңыздылығы ретінде сенімділік пен құндылық мәселесін талқылау; 3) жасөспірімдерді оқуда белсенді болуына және өз бетімен жұмыс істеуге ынталандыру. Психологиялық ағартудың негізгі тақырыптары: «Адам өміріндегі өзін-өзі тану және өзіне деген сенімділіктің рөлі», «Тұлғалық тиімділік сезімі», «Тұлға аралық қарым-қатынаста және көпшілік алдында сөйлеу ситуацияларында сенімді мінез-құлық»

Осылайша, жан-жақты психологиялық қолдау көрсету арқылы психолог жасөспірімнің өзімен де, оның ата-анасымен және мұғалімдерімен де қарым-қатынасын біріктіреді. Мектептегі білім беру жүйесінің барлық субъектілерінің өзара әрекеттесуі ғана ойлаған нәтижеге әкеледі, атап айтқанда, жасөспірімдердің өзіне деген сенімділігін қалыптастыруға әкеледі. Жасөспірімдерге комплексті көмек беру арқылы төмендегідей нәтижеге қол жеткізуге болады:

– адекватты өзін-өзі бағалауға және өзін-өзі құрметтеуге;

– мінезінің күшті және әлсіз жақтарын, артықшылықтары мен кемшіліктерін білетін болады;

– өзіне және басқаларға деген оң көзқарас қалыптасады;

– өз іс-әрекетінің табыстылығына сенімділік артады;

– өз қорқыныштары мен жағымсыз эмоционалдық күйлерін жеңе білу;

– сенімді мінез-құлық әрекеттерінің болуы және тиімді коммуникацияларды дамыта білуі.

Өз-өзіне сенімді ұрпақ тәрбиелеу мәселесінде қоғамның кез-келген бөлшегі атсалысуы маңызды, өйткені қазіргі өзіне сенімді балалар еліміздің жарқын болашағын қамтамасыз етуші бірден бір маңызды орны бар азаматтар.


Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1. Самоукина Н. В. Практический психолог в школе: лекции, консультирование, тренинги. М.: ИНТОР, 1997. 192 стр

2. Серебрякова Е. А. Уверенность в себе и условия ее формирования у школьников: дис. … канд. психол. наук. М.: Изд-во МГУ, 1955. 124 стр.

3. Прихожан А. М. Психология неудачника: тренинг уверенности в себе. СПб.: Питер, 2009. 240 стр.

4. Соловьёва О. В. Психология лидерства: учебное пособие. Ставрополь: Изд-во СГУ, 2008. 284 стр.

5. Ромек В. Г. Уверенность в себе как социально-психологическая характеристика личности: дис. … канд. психол. наук. Ростов н/Д.: Изд-во РГУ, 1997. 242 стр.

Ахмет М. Б.

ПРАВИЛЬНО ОРГАНИЗОВАННАЯ ПРЕДМЕТНАЯ СРЕДА

(КГКП «Центр развития я/с №1»)

УДК 372.3/.4