Труды III Республиканской научно-практической online-конференции «Образование XXI века: проблемы, тенденции и перспективы» - страница 22
Баланы тәрбиелеу – оның келешек қуанышқа ие болатын болашақ жолдарын тәрбиелеу болып табылады. Тәрбиешілер баланың болашақ өміріне, тәрбиесіне жауапты басты тұлғалардың бірі болып саналады. Мектепке дейінгі ұйымның ең бірінші мақсаты оқу тәрбие процесінің жүйесін нақты жоспарлау, заманауи инновациялық технологияны енгізе отырып баланы дамытуда тиімді жолдарды іздестіру болып табылады.
Мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың жұмысына басты жауапкершілікті алатын, баланың өміріне, тәрбиесіне жауап беретін ең басты тұлға ол тәрбиеші болып табылады. Педагогикалық процестің тиімді жағы тәрбтиешінің жұмысын сапалы және жүйелі түрде атқаруынан байқалады. Сондықтан тәрбиеші мектепке дейінгі баланы тәрбиелеуде, оқытып дамытуда тәрбиеші ең алдымен өзі мәдениетті білімді, шығармашыл жан-жақты болуы тиіс. Педагог өзінің жұмысын ғылыми және теориялық жағынан өте сауатты жүргізетін болса, онда тәжірибеде жүйелі, бірізділік қалыптасады және соңында нәтижесі сапалы болады. Тәрбиеші педагогтың өмірден түйген сабақтары, алған тәжірибесі, білімі, біліктілігі, адамгершілік қасиеттері, қарапайым, мінезі едәуір өте жоғары дәрежеде болғаны дұрыс. Қандайда бір қиындық болмасын, қиындықтарға қарамай баламен тығыз байланыста жұмыс жүргізеді.
Тәрбиеші бір уақытта бірнеше қызметте бола алады. Тәрбиеші бала алдында әртіс, кейде психолог, керек кезде медбике де бола алады. Педагог жаңа бағытта заманауи инновациялық технологияларды қолдану арқылы ұйымдастырған оқу қызметті, семинар, ғылыми жұмыстарды және ертеңгіліктер мен байқауды ұйымдастырушы, соларды басқара отырып нәтижеге жетуін қамтамасыз етуші болып табылады.
Тәрбиешінің жүрегі мейірімге жылулыққа толы болатын ұлы саналы тұлға. Осы бойындағы білім, білік пен дағдыны, тәрбиені бала жүрегіне жеткізіп дарыту асыл қасиет болып саналады. Тәрбиешінің берген тәрбиесін бойына сіңдіріп қабылдаған балалар болашақ өмірде ұлы тұлға болатыны сөзсіз. [3]
Қазіргі уақытта біз өзгеріс заманында өмір сүрудеміз. Мемлекет пен қоғам өзгеріс үстінде, білім мен тәрбиеге қойылатын талаптарда өзгеруде. Әлем өте тез дамуда және өзгеруде бұл өзгерістерге үйренісу үшін педагог та сонымен бірге өзгеруі қажет.
Болашақ тәрбиеші қандай болады? «Жаңа» заман талаптарына байланысты оның бойында қандай қасиеттер болады?
Қазіргі заман – жаңа инновациялық технологиялар мен жаңа ақпараттарға толы заман. Бұл инновациялар, технологиялар, интернет, телефондар әлемі. Бес, он, жүз жылдан кейін не болады?.. Жай болжам ғана. Болашақ тәрбиеші заман талабына ілесіп отыруы керек. Тәрбиеші құзыретті, мобильді және серпінді маман болуы тиіс. Болашақ тәрбиеші ақпараттық – іздеу іс-әрекетінің дағдыларын қалыптастыратын жаңа ақпаратты, компьютерлік технологияны меңгеруі тиіс.
Менің ойымша, болашақ тәрбиешінің ақпаратты беруі мен қабылдауының көптеген жолдары болады, өзін үнемі дамытып отырады, баламен жұмыс жасау барысында көптеген түрлі техникалық жаңалықтарды қолданады. Бұл вариативті мектепке дейінгі білім беруді беруді жетілдіріп дамуына жағдай жасайды.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. https://balabaksha.kz/15148/
2. Международный научный педагогический Интернет-журнал с библиотекой-депозитарием / Ред. Российская академия образования, ГНУ ГНПБ им. К.Д.22 Ушинского РАО. – Электрон, журн. с библиотекой. – М.: OIMRU, 2000 -Объем 0.58 усл. печ. л. – 16.09.2006.
3. https://bilimainasy.kz/